Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

ҚР ПІБ МО Ауруханасы Joint Commission International сертификатын алды

  06.05.2016


JCI (Joint Commission International) стандарттары медициналық ұйымдар үшін сапа және қауіпсіздік саласында мойындалған стандарттардың бірі болып табылады.

JCI стандарттары халықаралық сарапшылармен әзірленеді. Бұл стандарттар әр түрлі бейіндегі және қызмет түріндегі медициналық ұйым процесіне қойылатын бірыңғай талаптарды белгілейді. JCI стандарттары денсаулық сақтау саласында (International Society for Quality in Healthcare) және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымдарында (World Health Organization) сапа бойынша халықаралық ұйымында аккредиттелген.

2016 жылғы 9 сәуірден ҚР ПІБ МО Ауруханасы Joint Commission International сертификатын алған аккредиттелген медициналық ұйымдардың тізіміне кірді.

Қазіргі кезде, JCI стандарттары бойынша әлемнің 57 елінде 600-ден астам медициналық ұйымдар аккредиттелген.

Аккредиттелген медициналық ұйымдардың тізімін http://www.jointcommissioninternational.org/about/ сайттан көруге болады.



Сертификат JCI



Аурухана серіктестері