Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

«Достық» отбасылық денсаулық орталығында ҚР ПІБ МО Ауруханасының қызметтерін презентациялау

  23.02.2016

2016 жылғы 23 ақпанда маркетинг және жарнама бөлімі (бөлім бастығы Құрманов М.К., бөлім маманы Абенова Ж.А. және маман Бекишев Е.Т.) Астана қаласының «Достық» отбасылық денсаулық орталығында емхананың дәрігерлік персоналы үшін ҚР ПІБ МО Ауруханасының қызметтеріне презентация өткізді.

Емхананың конференц-залында тыңдаушыларға аурухананың медициналық қызметтері туралы бейнеролик көрсетілген болатын,  презентация көрсетушілер ТМККК аясында ҚР ПІБ МО Ауруханасының мамандандырылған, жоғары технологиялық медициналық қызметтерді көрсету туралы ақпаратты ұсынды, сондай-ақ, ақылы бөлімшенің қызметтері туралы айтып берді. Кездесуде медициналық ұйымдардың одан әрі ынтымақтасуы туралы мәселелер қозғалды. Тыңдаушыларға аурухана туралы бейнематериалдар ғана емес, сонымен қатар, ҚР ПІБ МО Ауруханасының бөлімшелері мен қызметтері туралы жарнамалық баспа өнімдері де ұсынылған болатын.

ҚР ПІБ МО Ауруханасында ТМККК аясында дәрігерлердің кеңесі тегін жүргізіледі.

 

2016.02.23 2


Аурухана серіктестері