Иконка Call Center

Иконка для слабовидящих

Тіркелу

Медорталық ауруханасы 2025 жылы отандық және әлемнің 20-дан астам елінен келген пациенттерге медициналық көмек көрсетті

  15.01.2026
Медорталық ауруханасы 2025 жылы отандық және әлемнің 20-дан астам елінен келген пациенттерге медициналық көмек көрсетті

2025 жылы Медициналық орталық ауруханасы медициналық туризм бағытын дамытуды жалғастырып, Қазақстаннан және шетелден келген пациенттердің жоғары сеніміне ие екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Жыл ішінде 900-ден астам шетелдік пациентке амбулаториялық және стационарлық медициналық көмек көрсетілді. Алдыңғы жылмен салыстырғанда пациенттер саны тұрақты деңгейде сақталып, көрсетілген медициналық қызметтердің көлемі мен сапасы артқаны байқалды.

Шетелдік пациенттер ТМД елдерінен, Еуропа, Азия, Таяу Шығыстан және Солтүстік Америкадан, сонымен қатар жақын және алыс шетелдерден келді. Аурухананың медициналық туризм географиясы ондаған елді қамтиды. Бұл Медорталық ауруханасының халықаралық деңгейде танылғанын және бәсекеге қабілетті екенін көрсетеді.

Ішкі медициналық туризм бағыты да белсенді дамыды. 2025 жылы Қазақстанның өңірлерінен келген 3 700-ден астам пациентке медициналық көмек көрсетілді. Бұл Аурухананың жоғары технологиялы медициналық қызметтеріне деген сұраныстың тұрақты өсіп отырғанын айғақтайды. Өткен жылмен салыстырғанда пациенттер саны мен көрсетілген көмектің көлемі бойынша елеулі өсім тіркелді.


Аурухана серіктестері