ҚР ПІБ МО Аурухана қызметкерлері Республика күні қарсаңында жоғары марапатқа ие болды

Ұлттық мереке – Республика күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығы ауруханасының бірқатар қызметкері кәсіби қызметінде жоғары нәтижелерге қол жеткізіп, жұмысқа деген адалдығы мен денсаулық сақтау саласының дамуына қосқан үлесі үшін мемлекеттік және ведомстволық наградалармен марапатталды.
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен «Құрмет» орденімен:
- Әженов Талапбек Мұратұлы – ҚР ПІБ МО Ауруханасының Бас оториноларингологы
- Жунусова Мадинат Амантайқызы – Қалпына келтіру емі және оңалту орталығының меңгерушісі марапатталды.
«Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері» құрметті атағы:
- Венера Қанатқызы Аймағамбетова – №3 терапиялық бөлімше (неврология) меңгерушісі
- Таракова Лариса Ивановна – Ультрадыбыстық диагностика бөлімшесінің ультрадыбыстық диагностика дәрігеріне берілді.
«Ерең еңбегі үшін» медалімен:
- Кульчуков Руслан Шамильевич – Анестезиология, реанимация, қарқынды терапия бөлімшесінің анестезиолог-реаниматолог дәрігері
- Садвакасова Анаргуль Койгаракызы – №9 хирургиялық бөлемшесінің аға мейірбикесі
- Оразымбетова Әлия Пердеханқызы – Президент Резиденциясындағы денсаулық пунктінің аға мейірбикесі
- Жалдыгараева Асель Бауыржанқызы – Терапиялық қызметтің жетекші экономисі
- Шорогаева Гүлнар Бекенқызы – №1 бөлімшенің мейірбикесі марапатталды.
«Шапағат» медалімен:
- Лебольд Евгений Аркадьевич – Компьютерлік және магниттік-резонанстық томография рентген зертханашысы
- Жиентаева Наргыз Сакеновна – Емдік дене шынықтыру, кинезитерапия және косметология бөлімінің емдік дене шынықтыру (ЛФК) мейірбикесі
- Глущенко Ольга Владимировна – Превентивті медицина (Check-up) бөлімінің эндоскопия жөніндегі мейірбикесі
- Хан Альбина Левитановна – №1 бөлімшенің мейірбикесі марапатталды.
Аурухананың 9 қызметкеріне ҚР Ішкі істер министрлігінің атынан алғысхат табысталды. Сондай-ақ ҚР ПІБ МО Ауруханасының директорының міндетін атқарушы Қарабаева Раушан Республика күніне орай ұйымдастырылған салтанатты жиында әріптестерін мерекемен құттықтап, Президент Іс басқармасы, Медициналық орталық және Денсаулық сақтау министрлігі марапатқа лайық деп таныған 20 әріптеске наградаларын табыс етті.




