ҚР ПІБ МЕДОРТАЛЫҚ АУРУХАНАСЫНДА БІР ЖЫЛ ІШІНДЕ МЫҢҒА ЖУЫҚ ШЕТЕЛДІК МЕДИЦИНАЛЫҚ ТУРИСТ ЕМ АЛДЫ
Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының ауруханасы – қазақстандықтармен қатар, әлемнің түкпір-түкпірінен келген шетелдік пациенттерге сапалы медициналық қызмет көрсететін жетекші мекеме.
Ауруханада Медициналық туризмді дамыту мақсатында шетелдік пациенттер үшін «Health is Here» бағдарламасы жолға қойылған. Бағдарлама аясында шетелдік пациенттер Ауруханаға өтініш тастап, сала мамандарынан кеңес алып, емін жоспарлай алады. Сонымен қатар емдеу басталғаннан еліне оралғанға дейін науқасқа қолдау көрсетіледі.
Бағдарлама арқасында ҚР ПІБ МО ауруханасы биыл 906 шетелдік туриске медициналық көмек көрсетті. Олардың қатарында Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан сынды ТМД елдерімен қатар, АҚШ, Қытай, Түркия, Германия, Англия, Польша, Канада сынды алыс шетелден келген науқастар да бар.
Аурухананың дәрігерлері жыл сайын кәсіби біліктілігін арттырып, әлемдік медицинадағы соңғы жаңалықтарды тәжірибелеріне қосып отыратынын атап өткен жөн. Сондықтан халықаралық деңгейде науқастарды сырқатының күрделілігіне қарамастан қабылдап, сапалы медициналық қызмет көрсете алады.
Серіктестік клиникалармен өзара іс-қимыл және медициналық туризмді дамыту бөлімінің қызметкерлері дәрігерлер мен шетелдік пациенттердің арасына жол салып, қос тараптың ортақ мәмілесінде лайықты қызмет атқарып келеді. Бұған шетелдік пациенттердің толассыз алғысы дәлел.