логотип

Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

ҚР ПІБ МО ауруханасында «Радиолог пен клиницист диалогі: өкпенің тінаралық ауруларын диагностикалаудағы көпсалалы тәсіл» тақырыбында ғылыми-практикалық семинар өтті

  13.11.2024
ҚР ПІБ МО ауруханасында «Радиолог пен клиницист диалогі: өкпенің тінаралық ауруларын диагностикалаудағы көпсалалы тәсіл» тақырыбында ғылыми-практикалық семинар өтті

ҚР ПІБ МО ауруханасында «Радиолог пен клиницист диалогі: өкпенің тінаралық ауруларын диагностикалаудағы көпсалалы тәсіл» тақырыбында ғылыми-практикалық семинар өтті. Іс-шараны ұйымдастырушы – Аурухананың Респираторлық медицина орталығы.

Семинар жұмысына медицина ғылымдарының докторы, профессор, дәрігер-рентгенолог, клиникалық және эксперименттік радиология ҒЗИ директорының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары, РФ ДСМ сәулелік және аспаптық диагностика жөніндегі штаттан тыс бас маманы Тюрин Игорь Евгеньевич (Ресей, Мәскеу), сондай-ақ МО ауруханасының пульмонологтары, рентгенологтары, резиденттері қатысты.

Мультидисциплинарлық талдауда пульмонологтар мен рентгенологтар диагностикалық тұрғыдан өкпенің интерстициалды аурулары, соның ішінде идиопатиялық, жүйелік дәнекер тінінің аурулары, сондай-ақ онкологиялық патологиямен байланысты өкпенің интерстициалды зақымданулары, VAPE-ассоциацияланған өкпенің интерстициалды зақымданулары бар пациенттердің жағдайын талқылады. Пациенттердің клиникалық деректері мен өкпе КТ нәтижелерін мұқият талдау өкпенің ауыр зақымдануының ықтимал себептері мен даму механизмдерін анықтауға, сондай-ақ ықтимал диагнозға жақындауға мүмкіндік берді.

Профессор Тюрин И. Е. ҚР ПІБ Медициналық орталығы ауруханасының пульмонологтары мен рентгенологтарының кәсіби деңгейіне, сондай-ақ өкпенің интерстициалды патологияның күрделі клиникалық жағдайларын талдауда көпсалалы тәсілмен ғылыми-практикалық семинар өткізу форматына жоғары баға берді. Семинарда профессор респираторлық аурулардың КТ-диагностикасында жасанды интеллекті қолдану тәжірибесін бөлісті және респираторлық ауруларды диагностикалау және емдеу мәселелері бойынша ҚР ПІБ МО және РДРМ-мен бірлескен ғылыми-клиникалық форумдарды жалғастыру туралы тілегін білдірді.






Аурухана серіктестері