логотип

Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

ҚР ПІБ МО ауруханасында «Ходжкин лимфомасы эволюциясы: серпінді және жаһандық инновациялар» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтеді

  28.10.2024
ҚР ПІБ МО ауруханасында «Ходжкин лимфомасы эволюциясы: серпінді және жаһандық инновациялар» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтеді

2024 жылдың 2 қарашасында ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының ауруханасында «Ходжкин лимфомасы эволюциясы: серпінді және жаһандық инновациялар» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтеді.

Аталған конференцияға Корея католиктік университетінің Ёидо Әулие Мария ауруханасының лимфома орталығының профессоры Чон Ён У (баяндамамен) және Халықаралық медициналық орталықтың топ жетекшісі Ким Су Нама, сондай-ақ Қазақстан Республикасының жетекші мамандары: онкогематологтары, онкологтары, патоморфологтары, радиациялық онкологтары баяндамамен қатысады.

Конференцияның мақсаты - морфологиялық, радиоизотоптық диагностиканың негізгі бағыттары және Ходжкин лимфомасын емдеудің заманауи әдістері бойынша тәжірибе, пікір алмасу.

Конференция «Glory medical & tour» компаниясының көмегімен өткізіледі.

Халықаралық шараға қатысу үшін Ходжкин лимфомасы мәселелерімен айналысатын дәрігер онкологтар, патоморфологтар, радиациялық онкологтар, онкогематологтар, химиотерапевтер, онкохирургтар, ядролық медицина мамандары шақырылады.

Конференция жұмысы келесі негізгі бағыттар бойынша жоспарлануда:

  • Ходжкин лимфомасының патоморфологиялық және иммуногистохимиялық диагностикасы;
  • Ходжкин лимфомасын басқару тактикасын диагностикалау мен анықтаудағы ядролық медицина әдістері;
  • Ходжкин лимфомасын емдеудегі химиотерапия, таргетті терапия және иммунотерапияның заманауи әдістері;
  • Қазақстан Республикасында сүйек кемігін транспланттаудың өзекті проблемалық мәселелері;
  • Ходжкин лимфомасы және жүктілік. Ходжкин лимфомасы кезінде жүктілікке рұқсат беру және бақылау мәселелері.

Өтетін орны мен уақыты: Мәңгілік Ел көшесі, 80. С3 блогы, ҚР ПІБ МОА ядролық медицина орталығының конференц-залы, офлайн режимде, сағат 09:00-16:00-ге дейін.


Аурухана серіктестері