ҚР ПІБ МО ауруханасының Медбикелер мектебі семинар мен конференциялар өткізуге дайын
ҚР ПІБ МО ауруханасындағы Медбикелер мектебі осы мамандық иелерінің педагогикалық біліктілігін арттыру мақсатында оқыту семинарын өткізді. Оның мақсаты – медбике ісін меңгерген мамандардың біліктілігін арттырып, алған білімін басқарға да бөлісуге мүмкіндік беру. Яғни осы семинардан өткен қатысушылар басқа медбикелерге қосымша білім беру бағдарламаларын жүргізе алады. Осы арқылы тұрғындарға ұсынылатын медициналық қызметтің сапасы мен қауіпсіздігі артады.
Аурухананың Медбикелер мектебі басқа ұйымдармен серіктестік орнатып, еліміздегі медбике ісін жетілдіруге арналған оқыту бағдарламаларын, шеберлік сағаттарын, семинарлар мен конференцияларды өткізуге дайын.
Біз медициналық көмектің сапасы мен кәсіби стандарттарды арттыруға ұмтыламыз және бәріңізді біздің бастамамызға қосылуға шақырамыз.