ҚР ПІБ МО ауруханасы Түркияның «Медиполь Мега» клиникасымен серікестік туралы Меморандумға қол қойды
ҚР ПІБ МО ауруханасы мен Түркияның«Медиполь» ірі медициналық және білім беру тобықұрамына кіретін «Медиполь Мега» клиникасы арасында серіктестік туралы Меморандумға қол қойылды.
Аурухана директорының Стратегиялық даму, ғылым және білім жөніндегі орынбасары Насрулла Шаназаров пен Түркияның Ыстамбұл қаласында орналасқан «Медиполь Мега» клиникасы өкілдігінің директоры, басқарушы менеджер Ибрагим Докташ (Ibrahim Doktas) мырза кездесіп, өзара келіссөз жүргізу арқасында аталған Меморандумға қол жеткізді.
Ибрагим Докташ «Медиполь Мега»клиникасының қызметі, даму бағыты мен жетістіктері туралы баяндап берді.
Серіктестік туралы Меморандум шеңберінде екіжақты клиникалық тәжірибе алмасу, оның ішінде Паркинсон дертін емдеу, сонымен қатар ғылыми, клиникалық және білім беру жобаларын бірлесіп жүзге асыру қарастырылған.
«Медиполь» ірі медициналық және білім беру тобының құрамында Ыстамбұл мен Анкарадағы 2 университет, 11 клиника мен бірнеше алдыңғы қатарлы ғылыми-зерттеу орталығы бар екенін айта кеткен жөн. Оның ішінде біз Меморандумға қол қойған флагмандық мекеме - университет жанындағы «Медиполь Мега» клиникасы ерекше назарды аудартады. 2012 жылы ашылған медициналық кешен 4 аурухананы біріктіреді, жыл сайын 1 млн-ға жуық пациент қабылдайды. Шетелдік науқастардың барлығы дерлік дәл осы жерде ем алады.