Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

ҚР ПІБ МО ауруханасының бас аллерголог-иммунологі Ғалия Түсіпбекова Валенсиядағы (Испания) Халықаралық конгресске қатысты

  12.06.2024
ҚР ПІБ МО ауруханасының бас аллерголог-иммунологі Ғалия Түсіпбекова Валенсиядағы (Испания) Халықаралық конгресске қатысты

ҚР ПІБ МО ауруханасының бас аллерголог-иммунологі Ғалия Түсіпбекова жыл сайын ұйымдастырылатын аллергологтар мен клиникалық иммунологтардың Еуропалық Академиясының конгресіне (EAACI 2024) қатысты.

Биылғы жиын Испанияның Валенсия қаласында өткен. Іс-шарада ол күрделі аллергиясы және демікпесі бар науқастарды емдеу тәсілдерін айтып, тәжірибесін бөлісті. Сонымен қатар Ғалия Түсіпбекова «Күрделі тыныс демікпе және атопиялық дерматитке шалдыққан науқасқа аллергенспецификалық иммунтерапиямен бірге дупилумабпен биологиялық терапияны пайдаланудағы алғашқы тәжірибе» баяндамасын оқыды.

Еуропалық Академия Конгресі - клиникалық иммунология мәселелерімен айналысатын ғалымдар, медицина қызметкерлері мен қызығушылық танытқан басқа да тараптарды біріктіретін, серіктестік орнатып, білім мен тәжірибе алмасатын алаң. Айта кетейік, Конгресс «Ғылымның көмегімен науқастар күтіміне революция жасау» ұраны аясында өтіп жатыр.

Оған қатысу білім шекарасын кеңейтіп, клиникалық иммунология мен аллергология саласындағы жаңа бағыттар және жаңалықтармен танысып, диагностика мен емдеудің жаңа тәсілдерін біздің елге де енгізуге мүмкіндік береді.

ПІБ МО ауруханасының дәрігерлері үнемі білімі мен біліктілігін, құзыреті мен кәсіби деңгейін шыңдап, медицина саласындағы жаңалықтарды назардан тыс қалдырмайтынын айта кеткен жөн. Олар тұрақты түрде жақын және алыс шетелдердің жетекші клиникалары мен орталықтарына барып, тәжірибе алмасып, білімін жетілдіріп тұрады. 


Аурухана серіктестері