Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

ҚР ПІБ МО ауруханасы дәрігерлері Батыс Қазақстан облысына іссапармен барады

  25.05.2024
ҚР ПІБ МО ауруханасы дәрігерлері Батыс Қазақстан облысына іссапармен барады

ҚР ПІБ Медициналық орталығы делегациясының кезекті сапары 27-30 мамыр аралығында Батыс Қазақстан облысында жалғасады.

Кезекті делегация құрамында ҚР ПІБ МО ауруханасы директорының хирургия бойынша орынбасары, жоғары санатты нейрохирург дәрігері Мыңжылқы Бердіқожаев, № 2 хирургиялық бөлімшенің хирург-дәрігері Ғалижан Бекпаев, № 7 хирургиялық бөлімшенің кеуде хирургі Әділбек Баймусанов, Анестезиология, реанимация және қарқынды терапия бөлімінің меңгерушісі Бауыржан Бабашев, Қалпына келтіру емі және оңалту орталығының реабилитолог дәрігерлері Нұрсұлтан Ермұратов, аллерголог дәрігер Дәурен Тәшенов, эпилептолог дәрігер Ғазиз Қырғызбай, бас онколог Назар Сейдалин, № 9 хирургия бөлімінің дәрігері Ринат Қамиев, бас кардиолог Әлия Жолдасбекова, бас эндокринолог Гүлмира Туксаитова бар.

Аурухананың білікті мамандары өңірдің емдеу мекемелерінде шеберлік сабақтар өткізіп, халыққа практикалық және консультациялық-әдістемелік көмек көрсетіп, күрделі операциялар жасайды.


Аурухана серіктестері