логотип

Нашар көретіндерге арналған нұсқа

Тіркелу

ҚР ПІБ МО ауруханасының зейнеткерлерін қарттар күнімен құттықтады

  03.10.2023
ҚР ПІБ МО ауруханасының зейнеткерлерін қарттар күнімен құттықтады

ҚР ПІБ МО ауруханасының Кәсіподақ ұйымы қарттар күніне орай мерекелік құттықтау шарасын өткізді.

Іс-шараға ауруханада ұзақ жыл қызмет етіп, құрметті еңбек демалысына шыққан 40 зейнеткер шақырылды. «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымынан келген Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Гүлзира Бөкейхан және ҚР ПІБ МО ауруханасының терапевт дәрігері Жанат Бекжігітова мен аурухананың өзге де қызметкерлері қарттарға арнап концерттік бағдарлама ұсынды.

Аурухананың бас тәлімгері Әлия Төлеуова, кәсіподақ төрайымы Жазира Тұңғышбаева және кәсіподақтың бір топ белсенді мүшесінің ұйымдастыруымен өткен шарада зейнеткерлерге азық-түлік супермаркетіне сертификат және драмалық қойылымға билеттер тарту етілді.

Аурухана жұмысын жандандыруға өз үлесін қосқан зейнеткерлер ұйымдастырушыларға шексіз алғысын білдірді.





Аурухана серіктестері