Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

ҚР ПІБ МОА мейірбикесі Хилола Рустамова мемлекеттік тіл жиынында марапатталды

  18.09.2023
ҚР ПІБ МОА мейірбикесі Хилола Рустамова мемлекеттік тіл жиынында марапатталды

Қазақстан халқы тілдері күні шеңберінде Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасында «Мемлекеттік тіл – татулықтың негізі» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Оған өзге де ведомстволық қарасты ұйым өкілдерімен қатар ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының ауруханасынан да мамандар қатысты. Дөңгелек үстелге қатысқан баяндамашылар құнды ақпаратпен бөлісіп, тілге қатысты тұшымды ойларын айтты.

ҚР ПІБ МО ауруханасы №1 хирургиялық бөлімшесінің мейірбикесі Хилола Рустамова да сол жиында сөз сөйлеп, тілге, еліміздегі татулыққа қатысты ойын мемлекеттік тілде еркін жеткізе білді.

Іс-шара соңында мемлекеттік тілді күнделікті жұмысында қолданып, ісін тындырымды атқарып жүрген барлық маманға Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Алғыс хаты табыс етілді.


Аурухана серіктестері