логотип

Нашар көретіндерге арналған нұсқа

Тіркелу

ҚР ПІБ МОА медицина қызметкерлерінің еңбегі еленді

  21.06.2023
ҚР ПІБ МОА медицина қызметкерлерінің еңбегі еленді

Медицина қызметкерлері күні қарсаңында ҚР ПІБ МО ауруханасының бір топ қызметкеріне еңбектегі жетістіктері үшін түрлі марапаттар табыс етілді.

Биыл алғаш рет ҚР ПІБ МО ауруханасының 22 медициналық қызметкеріне «Адал еңбегі үшін» төсбелгісі тағылды. Бұл ауруханада ұзақ жылдан бері жемісті еңбек етіп келе жатқан қызметкерлерге бұйырды. Сонымен қатар ұжымның гүлденуіне үлесін қосып жүрген 116 қызметкер аурухананың Құрмет грамотасымен және 72 қызметкер Алғыс хатпен марапатталды.

Бұған қоса кәсіби мереке аясында «Ақниет» қазақстандық денсаулық сақтау қызметкерлері салалық  кәсіподағын дамыту мен нығайтуға, медицина қызметкерлерінің құқығы мен мүддесін қорғауға қосқан үлесі үшін аурухананың 12 қызметкеріне «Кәсіподаққа сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісі және Құрмет грамоталары табысталды.







Аурухана серіктестері