Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

ҚР ПІБ МО ауруханасының аллерголог-иммунологы дәрігері Германиядағы конгреске қатысты

  13.06.2023
ҚР ПІБ МО ауруханасының аллерголог-иммунологы дәрігері Германиядағы конгреске қатысты

ҚР ПІБ МО ауруханасы бас  аллерголог-иммунологы және аллергология орталығының меңгерушісі Ғалия Түсіпбекова Еуропа аллергологтары және клиникалық иммунологтары  академиясының кезекті халықаралық конгрессіне қатысты.

Әлемнің түкпір-түкпірінен 7400 адам қатысқан Конгресс биыл Германияның Гамбург қаласында 9–11 маусым аралығында өтті.

Әлемнің түкпір-түкпірінен келген аллерголог-иммунологтардың алдында жоғары санатты аллерголог-иммунолог дәрігер Ғалия Түсіпбекова «Ауыр дәрежелі бронхиалды демікпе мен ауыр дәрежелі көктемдік кератоконьюнктивитті омализумабпен емдеу тәжірибесі» тақырыбында баяндама оқыды.

– Мен бұл конгресте аллергиялық және иммуносупрессивті аурулардың ауыр түрлерін диагностикалау мен емдеудің жаңа әдістерімен таныстым. Соның ішінде суперэозинофилды синдромға баса назар аудару керегін, аллергияның аутоиммунды нұсқалары, аллергия және онкология, ауыр дәрежелі аллергияға арналған биологиялық терапия, аллергенге тән иммунотерапияның жаңа нұсқалары туралы көптеген жаңа ақпаратты игердім деп айта аламын. Медицина күннен күнге дамып жатқандықтан, дәрігерлерге тәжірибе алмасып, білім көкжиегін кеңейтіп отыру қашанда маңызды, – дейді ҚР ПІБ МО ауруханасының бас аллерголог-иммунологы және Аллергология орталығының меңгерушісі Ғалия Түсіпбекова.



Аурухана серіктестері