Клиникалық-диагностикалық зертхана кезекті аккредиттеуден өтті
14.04.2023

ҚР ПІБ Медициналық oрталығы ауруханасының Клиникалық-диагностикалық зертханасы ҚР СТ ISO 15189-2015 стандартына сәйкес кезекті аккредиттеуден өтті және «Медициналық зертханалар. Сапа мен құзыреттілікке қойылатын талаптар» сертификатын алды. Аккредиттеуге келесі зерттеулер кірді:
- Биохимиялық зерттеулер
- Молекулалық биологиялық зерттеулер
- Гематологиялық зерттеулер
- Жалпы клиникалық зерттеулер
- Генетикалық зерттеулер
- Микробиологиялық зерттеулер