Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

ҚР ПІБ Медициналық орталығы ауруханасының дәрігерлері Ақмола облысында 8 күрделі операция жасады

  04.04.2023
ҚР ПІБ Медициналық орталығы ауруханасының дәрігерлері Ақмола облысында 8 күрделі операция жасады

«ҚР ПІБ Медициналық орталығының Ақмола облысындағы күндері» нәтижелі аяқталды. ҚР ПІБ МО ауруханасының жоғары білікті мамандары мен дәрігерлері Көкшетау қаласындағы Көпбейінді облыстық ауруханада және Астана қаласындағы №2 көпбейінді облыстық ауруханада нейрохирургия, кардиология, онкохирургия және аритмология салалары бойынша 8 операция, 5 дәріс, 13 консультация және 3 шеберлік сабағын өткізді.

ҚР ПІБ МО ауруханасы директорының хирургия жөніндегі орынбасары, нейрохирург Мыңжылқы Бердіқожаев Астана қаласындағы №2 көпбейінді облыстық ауруханада базиллярлық артерияның қапшық тәріздес аневризмасына 2 эндоваскулярлық эмболизация жасаса, Ауруханының бас аритмологы Аян Әбдірахманов 1 ИКД (имплантацияланатын кардиовертер-дефибриллятор) имплантациясын сәтті аяқтады. ҚР ПІБ МО ауруханасының бас пульмонологы Наталья Өтешева ауыр жағдайдағы пациенттерге 4 консультация берді.

Сондай-ақ, «ҚР ПІБ Медициналық орталығының Ақмола облысындағы күндері» аясында аурухананың жоғары санатты дәрігерлері Көкшетау қаласындағы пациенттермен жүздесіп, бірнеше операция жасады. Нақтыласақ, Көкшетау қаласындаы Көпбейінді облыстық аурухана қабырғасында хирургия-гинекология бөлімшесінің аға ординаторы Әділ Әдрешев жатыр миомасын хирургиялық емдеу бойынша лапароскопиялық жолмен 2 операция  өткізді. Ал травматолог-ортопед дәрігер Асқар Баймұхаметов алдыңғы крест тәріздес байлам пластикасымен артроскопиялық операция жасады. Кардиохирург дәрігер Әлібек Тойбаев Көкшетау қаласындағы Көпбейінді облыстық аурухана пациенттеріне TCRAT әдісімен миокардтың 2 толық реваскуляризациясын жүргізді.

Жалпы «ҚР ПІБ Медициналық орталығының күндері» жобасы аясында ҚР ПІБ МО ауруханасының дәрігерлері өңір тұрғындарына тегін консультация берді. Бұл жоба ҚР ПІБ Медициналық орталығының қызметкерлері өңірдегі дәрігерлермен тәжірибе алмасу, аймақтардағы медицина саласына жаңа дем беру үшін өткізілуде. Алдағы уақытта жоба республиканың басқа да өңірлерінде өз жалғасын табады.




image23.jpeg

image24.jpeg

image25.jpeg


Аурухана серіктестері