Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90

Амбулаториялық қызметтің заманауи мүмкіндіктері

  18.01.2023
Амбулаториялық қызметтің заманауи мүмкіндіктері

2023 жылдың 18 қаңтар күні ҚР ПІБ МО Ауруханасы терапевтік бөлімінің меңгерушісі Гүлбану Князова Ақтөбе қаласындағы «Медициналық орталықтар күніне» қатысты. Үш күн қатарынан өткен жиында, бөлім басшысы «Медициналық орталық ауруханасының амбулаториялық қызметінің заманауи мүмкіндіктері» тақырыбында баяндама оқыды.

Айта кетейік, 2022 жылдың 17 қарашасында аурухана жанынан 200 орындық емдеу-диагностикалық блок ашылған болатын. Бұл блокта білікті мамандар инсульттан, миокард инфарктісінен, кардиохирургиялық, нейрохирургиялық және ортопедиялық операциялардан кейінгі науқастарды оңалтумен айналысады. Терапевтік бөлім меңгеруші Г. Князова жаңа ғимаратта орналасқа блоктың әлеуметтік маңыздылығы мен күтілетін нәтижелеріне тоқталды. Сондай-ақ, клиникада енгізіліп жатқан жаңа технологиялар мен жабдықтардың диагностикалық мүмкіндіктерін кеңінен баяндады. 




Аурухана серіктестері