Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ АУРУХАНАСЫНДА ЛЕЙПЦИГ УНИВЕРСИТЕТІ КАРДИОЛОГИЯ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖЕТЕКШІ ПРОФЕССОРЛАРЫМЕН ӘРІПТЕСТІК ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛІ ӨТТІ

  02.12.2022
МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ АУРУХАНАСЫНДА ЛЕЙПЦИГ УНИВЕРСИТЕТІ КАРДИОЛОГИЯ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖЕТЕКШІ ПРОФЕССОРЛАРЫМЕН ӘРІПТЕСТІК ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛІ ӨТТІ

ҚР ПІБ Медициналық орталығының ауруханасында Лейпциг университетінің Кардиология орталығының жетекші профессорларымен «Созылмалы жүрек жеткіліксіздігі бар пациенттерді емдеудегі жаңа тәсілдер» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстел барысында Лейпциг Кардиология орталығының профессоры Сандра Айферт және кардиохирургия бөлімшесінің меңгерушісі, профессор Сергей Леонтьев созылмалы жүрек жеткіліксіздігі бар пациенттерді емдеуде қолданылатын соңғы терапиялық және хирургиялық әдістерді ұсынды. Сондай-ақ, осындай патологиясы бар пациенттерді емдеу, диагностика мен емдеудің соңғы халықаралық ұсыныстарының ерекшеліктері, сондай-ақ кардиологиялық оңалту мәселелері талқыланды.

Ауруханадан директордың емдік жұмыс жөніндегі орынбасары Раушан Қарабаева, директордың стратегиялық даму, ғылым және білім жөніндегі орынбасары Насрулла Шаназаров, кардиология, кардиохирургия, кардиологиялық оңалту, қантамырлық хирургия, функциялық диагностика бөлімшелерінің клиницистері, амбулаториялық бейін мамандары белсенді қатысты.

Лейпциг Кардиология орталығының жетекші мамандарымен клиникалық тәжірибе алмасу бұдан әрі де жалғасады, созылмалы жүрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде созылмалы клапан жеткіліксіздігін аз инвазивті және эндоваскулярлық емдеу бойынша кардиохирургиядағы жаңа технологиялардың трансферті, сондай-ақ күрделі клиникалық жағдайларға бірлескен талдау жүргізу жоспарланып отыр.



Аурухана серіктестері