логотип

Нашар көретіндерге арналған нұсқа

Тіркелу

Республикалық физика-математика мектебінің оқушыларымен кездесу

  20.10.2022

ҚР Президенті жариялаған Қазақстандағы балалар жылы аясында ҚР ПІБ Медициналық орталығының ауруханасында Республикалық физика-математика мектебінің оқушыларымен кездесу ұйымдастырылды. Аурухананың бас тәлімгері Әлия Төлеуова балаларға дәрігер мамандығы, оның маңыздылығы, медицинадағы бағыттар, салауатты өмір салтының маңыздылығы туралы айтып берді.

- Біз өскелең ұрпаққа көңіл бөліп, қамқорлық көрсетіп, адал еңбектің құндылықтарын насихаттап, салауатты өмір салтының маңыздылығы мен медицинадағы заманауи жетістіктер туралы хабардарлығын арттыруымыз керек. Жоғары сынып оқушылары қазірден бастап болашақ мамандықты таңдау туралы ойланады. Бүгінгі кездесу медициналық мамандықтың жаңа қырларын ашып, оқушылардың дәрігер мамандығына деген қызығушылығы артады деп ойлаймын, -деді Әлия Төлеуова.


Аурухана серіктестері