Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90

Корея мен Қазақстан арасындағы «Телемедицина 2021» жобасы

  14.09.2022
8 қыркүйекте Алматыда Корея мен Қазақстан арасындағы «Телемедицина 2021» жобасының сәтті іске қосылуына орай ресми іс-шара өтті. Шараның мақсаты – осы жобаны іске асыру үшін «Samsung Medical Center» клиникасы (Оңтүстік Корея) және «Medical Avenue» компаниясымен серіктестік қатынастарды нығайтып, одан әрі дамыту.

«Телемедицина 2021» – Оңтүстік Корея үкіметінің қолдауымен жүзеге асырылатын өз саласындағы бірегей жоба. Жоба кореялық «Samsung Medical Center» клиникасының дәрігерлеріне күрделі жағдайларды диагностикалау мен емдеу кезінде тегін онлайн бейне-консультация беруді, сондай-ақ екі ел дәрігерлері арасында кәсіби тәжірибе алмасуды көздейді. Жоба 2022 жылғы мамырдан қарашаға дейін іске асырылады, «Medical Avenue» компаниясы барлық қажетті материалдарды дайындаумен айналысады.

Жобаны ресми іске қосуға арналған іс-шараға ҚР ПІБ Медициналық орталығы ауруханасының өкілдері де қатысты. Серіктес клиникалармен өзара іс-қимыл орталығының басшысы Қайрат Қазбековтың айтуынша, ресми іс-шара барысында «Телемедицина 2022 Қазақстан – Корея» жобасын іске асырудың алдын ала қорытындылары туралы ақпарат берілді. Іс-шара нәтижесінде Медициналық орталық ауруханасы «Телемедицина 2022 Қазақстан – Корея» жобасының кәсіби серіктесі және белсенді қатысушысы ретінде қосатын тұрақты үлесі үшін алғыс сертификатын алды.

Аурухана серіктестері