Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

Нейрохирургтың тегін консультациясы

  12.09.2022
ҚР ПІБ Медициналық орталығы ауруханасында «Нейрохирургтың тегін консультациясы» акциясы қайта басталды. Аурухананың жетекші нейрохирургтары әр сенбі 11.00-ден 13.00-ге дейін халыққа тегін консултация беретін болады. Акция емделген жағдайлардың санын арттыруға және Аурухананың нейрохирургиялық бағытын кеңірек танытуға бағытталған.

– Өткен сенбіде нейрохирург дәрігер Әбубәкір Зұлпықаров қабылдау жүргізіп, 4 науқасқа кеңес берді. Біз кезекшілік кестесін құрдық. Осы кесте бойынша әр апта 2 сағаттан тегін консультация беріп, 5-6 пациентті қабылдауды жоспарлап отырмыз. Бұл, сондай-ақ, жұмыс істейтін халық үшін өте ыңғайлы уақыт, - дейді ҚР ПІБ Медициналық орталығы ауруханасының нейрохирург дәрігері Азат Шпеков.

Аталмыш акция орталық және перифериялық жүйке жүйесінің әртүрлі ауруларына (ми қантамырларының аурулары, остеохондроз, диск жарығы мен протрузиясы, ми ісігі, гидроцефалия, Мойямойя ауруы, гидроцефалия, Киари мальформациясы, фармакорезистенттік эпилепсия, үштармақты нерв невралгиясы, гемифациалдық спазм, құлақтағы шу, Паркинсон ауруы, бас ауруы) шалдыққан адамдарға көмек көрсету мақсатында өткізіледі.

Аурухана серіктестері