Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

II Ресейлік диагностикалық саммит

  12.09.2022
ҚР ПІБ Медициналық орталығы ауруханасының генетик дәрігері Жанна Жабақова 6-8 қыркүйек аралығында Мәскеуде өткен II Ресейлік диагностикалық саммитке қатысты. 

Жанна Жабақова «Тығыз ісіктердің мультигендік диагностикасы» тақырыбында баяндама жасады. Баяндамада таргетті терапияны тағайындау кезінде қажетті компонент болып табылатын Медициналық орталық ауруханасының дербестендірілген геномдық диагностика зертханасында (ДГДЗ) тығыз ісіктердің мультигендік диагностикасын жүргізу тәжірибесі туралы баяндалды. Салыстырмалы талдау ESCAT шкаласы бойынша мутациялық биомаркерлерді диагностикадан кейін анықталған мутациялармен салыстырудан тұрады. 

Баяндама медицина ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасының штаттан тыс бас генетигі Гүлшара Әбілдиновамен бірлесіп дайындалған.

Аурухана серіктестері