Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

Гинекологқа қашан және қаншалықты жиі бару керек?

  15.07.2021
15 шілде - Гинеколог күні! Біз дәрігерлерді кәсіби мерекелерімен құттықтаймыз және зор денсаулық, табыс тілейміз!

Сонымен қатар гинекологқа қашан және қаншалықты жиі бару керектігі туралы Сіздердің естеріңізге сала кеткіміз келеді. Есіңізде болсын, ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздеген дұрыс!

Гинекологқа келесі жағдайларда жүгінуді ұсынамыз:
  • Егер алғашқы етеккір 15 жасқа дейін келмесе;
  • Цикл бұзылған жағдайда;
  • Еттеккір ауыртып, ұзақ (7-10 күннен астам) және көп келгенде;
  • Еттеккір арасындағы кезеңде қынаптан қан кету;
  • Қынаптық бөлінділердің иісі, түсі және консистенциясы өзгергенде;
  • Сыртқы жыныс мүшелерінің аймағында күйдіру, қышу, бөртпе пайда болғанда;
  • Жыныс мүшесінің аймағында (кондилома, папиллома) өспелер пайда болғанда;
  • Жыныстық қатынас кезінде ауырсыну және ыңғайсыздық сезімі;
  • Жыныстық өмір мен жүктілікті жоспарлау;
  • Бедеулік;
  • Климакстың басталуы.
Тіпті шағымдарыңыз болмаса да, жарты жылда бір рет гинекологтың тексеруінен өтіп, жылына бір рет онкоцитология мен қынаптың тазалық дәрежесін тексеріп отыру ұсынылады.

Сонымен қатар, 30 жастан кейін және әр 4 жыл сайын ісік алды аурулары мен жатыр мойны обырын анықтау үшін скринингтен өту ұсынылады. Бұл дегеніміз, 30, 34, 38, 42, 46, 50, 54, 58, 62, 66 және 70 жаста гинекологқа қаралу қажет.

Өздеріңізге сақтап алып, жақындарыңызбен бөлісіңіз!

Post IG 3-11.png


Аурухана серіктестері