Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

ҚР ПІБ ұйымдастырған шағын футболдан Медициналық орталық командасы ІІ орын иеленді

  31.08.2023
ҚР ПІБ ұйымдастырған шағын футболдан Медициналық орталық командасы ІІ  орын иеленді

Бүгін ҚР ПІБ ұйымдастыруымен қызметкерлер арасында дәстүрлі шағын футболдан турнир өтті. Жарыста Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы, Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы Медициналық орталығы, Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы, ҚР Президентінің Әкімшілігі мен Үкіметінің әкімшілік ғимараттары дирекциясы, Мемлекеттік резиденциялар дирекциясы, ҚР ПІБ Автошаруашылығы, «Бүркіт» мемлекеттік авиакомпаниясы, «Қазқұрылысжүйесі» ЖШС, «Қазақстан Республикасы Президентінің Телерадиокешені», «ҚР ПІБ Инженерлік-техникалық орталығы» ШЖҚ РМК және «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінен жасақталған 11 команда бақ сынады.

Жүлделі бірінші орынды ҚР Президентінің Әкімшілігі мен Үкіметінің әкімшілік ғимараттары дирекциясы иеленсе, нәтижелі екінші орын ҚР ПІБ Медициналық орталығының командасына бұйырды. Ал тартысты доданың үшінші орнын ҚР ПІБ Инженерлік орталығы алды.

Сондай-ақ турнир соңында «Үздік қорғаушы», «Үздік сұрмерген», «Үздік ойыншы» және «Үздік қақпашы» номинациялары бойынша үздіктер анықталып, марапатталды.

Шағын футбол турнирінің мақсаты – дене шынықтыру және спорт арқылы салауатты өмір салтын насихаттау және Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы жүйесіндегі қызыметкерлерді белсенді, саналы спорттық шараларға қатыстыру.




Аурухана серіктестері