Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

Германиядағы халықаралық конгреске ҚР ПІБ МО ауруханасының клиникалық фармаколог дәрігері қатысты

  09.06.2023
Германиядағы халықаралық конгреске ҚР ПІБ МО ауруханасының клиникалық фармаколог дәрігері қатысты

Мангеймде (Германия) 2023 жылғы 21-24 мамыр аралығында Еуропалық атеросклероз қоғамының 91-ші конгресі өтті.

Конгреске ҚР ПІБ Медициналық орталығы ауруханасы Клиникалық-фармакологиялық бөлімінің меңгерушісі, клиникалық фармаколог дәрігер Алтын Нұрпейісова қатысып, Ауруханада жүргізілген ғылыми зерттеу нәтижелері бойынша «Аторвастатинмен тұрақты кернеу стенокардиясының екінші профилактикасына дербестендірілген тәсіл» тақырыбында баяндама жасады. Баяндама қатысушылардың асқан қызығушылығын тудырды, қойған сұрақтарына тұшымды жауап алып, жылы пікірлерін білдірді.

Конгресс жұмысына АҚШ, Германия, Ұлыбритания, Италия, Украина және Грузиядан атеросклерозды зерттеу саласындағы жетекші мамандар қатысты.

Дислипидемияның алдын алуға баса назар аударыла отырып, липидология саласындағы соңғы зерттеулерге шолу жасалды. Зерттеу деректерін және жаңа клиникалық нұсқаулықтарды пайдалану атеросклероздық сипаттағы жүрек-қан тамырлары ауруларын уақытылы анықтауға және басқаруға мүмкіндік жасайды.

ҚР ПІБ МО ауруханасында жүргізілген зерттеу холестерин деңгейін төмендететін препараттармен емдеуді дербестендіруге және емдеудің жанама әсерлерін болдырмауға мүмкіндік береді.


Аурухана серіктестері