логотип

Нашар көретіндерге арналған нұсқа

Тіркелу

Директордың емхана жөніндегі орынбасары – Тұңғышбаева Жазира Оразқызы

Тұңғышбаева Жазира Оразқызы – 2025 жылғы ақпаннан бастап директордың емхана жөніндегі орынбасары

2002 жылы еңбек жолын ҚР ПІБ жүйесінде учаскелік терапевт, содан кейін ҚР ПІБ МО ауруханасының гастроэнтеролог дәрігері лауазымынан бастады. 2010-2015 жылдары ақылы қызмет бөлімшесінің меңгерушісі, одан әрі емхананың аға дәрігері болып жұмыс істеді, 2021 жылы жаңа CHECK-UP бөлімшесінің меңгерушісі болды. 2024 жылғы сәуір айынан бастап амбулаториялық-емханалық қызметтің басшысы қызметін атқарды.

Жұмыс барысында ҚР ПІБ Медициналық орталығының «Үздік еңбегі үшін», ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен, сондай-ақ «COVID19 Жанқиярлық күрес үшін» төсбелгісімен марапатталды.

Білімі: 1991-1996 жылдары Алматы мемлекеттік медицина институтында емдеу ісі мамандығы бойынша білім алған. Жоғары санатты дәрігер. 2023 жылдан бастап МВА.

Аурухананың келесі бөлімшелерінің жұмысына жетекшілік етеді:

Бастапқы медициналық-санитарлық көмек №1 және №2 бөлімшелері, денсаулық пункттері

Консультациялық-диагностикалық бөлімше

Жедел медициналық жәрдем бөлімшесі

Акушерлік-гинекологиялық бөлімше

Емхана жанындағы күндізгі стационар бөлімшесі

Су-жылумен емдеу және оңалту орталығы

Аллергология орталығы

Превентивті медицина бөлімшесі (check-up)

Ақылы қызмет бөлімшесі

Стоматологиялық бөлімше

СӨС қалыптастыру орталығы

КТ және МРТ бөлімшесі

Ультрадыбыстық диагностика бөлімшесі

Рентгендиагностика бөлімшесі

КТ және МРТ бөлімшесі

Call орталығы мен медтіркеу


Аурухана серіктестері