логотип

Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

Абдрахманов Аян Сүлейменұлы

МАМАНДАНУЫ:

  • Аритмология

ЖАСАЙТЫН ОПЕРАЦИЯЛАРЫ:

  • Балалар мен ересектердегі жүрек ырғағының бұзылуы, олардың салдарынан болатын жүрек жеткіліксіздігі және кенеттен жүрек семуіне арналған барлық операциялар,
  • ЭФЗ-диагностика, дәрілік терапия, катетерлік абляция және құрылғыларды имплантациялау (монитор, стимулятор, оның ішінде электродсыз, кардиовертер-дефибрилляторлар (соның ішінде тері астындағы S-ICD)
  • Кардиоресинхронды аппараттар, СЖҚ окклюдерлері), жүректің физиологиялық стимуляциясы (LBBAP)

ЖҰМЫС ТӘЖІРИБЕСІ:

  • 2023 жылдан қазіргі уақытқа дейін – ҚР Президентінің Іс басқармасы Медициналық орталығының ауруханасы Аритмология орталығының басшысы және бас аритмолог
  • «Астана медицина университеті» КЕАҚ Кардиология кафедрасының меңгерушісі
  • 2011-2023 Астана қ. Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталығының жүрек электрофизиологиясы зертханасымен интервенциялық аритмология бөлімшесінің меңгерушісі. Астана Медицина Университеті интернатура және резидентура кафедрасының қоса атқарушы профессоры
  • 2007-2011 Астана қ. Ұлттық ғылыми медициналық орталығы кардиохирургиялық клиниканың катетеризация зертханасының аға ординаторы
  • 2004-2007 Астана қ. Ұлттық ғылыми медициналық орталығына жүрек орталығының клиникалық электрофизиология зертханасының ғылыми қызметкері
  • 2001-2003 Астана қаласы Республикалық клиникалық ауруханасының Кардиологиялық бөлімшесі қарқынды терапия блогының кардиореаниматолог дәрігері
  • 1999 ж. Семей қаласының Жедел медициналық жәрдем ауруханасы қарқынды терапия бөлімшесінде кардиореаниматолог дәрігер. Семей мемлекеттік медицина академиясының факультеттік терапия кафедрасының ассистенті

БІЛІМІ:

  • 1991-1997 Семей мемлекеттік медицина академиясын «Емдеу ісі» дело мамандығы бойынша үздік аяқтады
  • 1997-1999 Семей мемлекеттік медицина академиясы факультеттік терапия кафедрасында кардиология бойынша клиникалық ординатура

ҚОСЫМША БІЛІМІ:

  • Кардиология ғылыми-зерттеу институты, Томск қ., Ресей
  • А.Н. Бакулев атындағы Жүрек-қантамыр хирургиясы орталығы, Мәскеу қ., Ресей
  • Клиникалық және эксперименттік медицина институты, Прага қ., Чехия
  • Интервенциялық аритмология бойынша тренинг, Зальцбург қ., Австрия
  • ЖРТ имплантациялау бойынша тренинг, Бохум қ. және Эссен қ., Германия
  • Атриальды фибрилляцияны радиожиілікті абляциялау бағдарламасы, Гамбург қ., Германия; Балалар аритмологиясы бойынша тренинг, Прага қ., Чехия
  • Жүрекше фибрилляциясын криоабляциялау бойынша тренинг, Дебрецен, Венгрия
  • Электродтарды механикалық экстракциялау бойынша тренинг, Сент-Пельтен, Австрия және Пиза, Италия
  • Қарыншалық тахикардияны абляциялау бойынша тренинг, Милан қ., Италия
  • Электродтарды лазерлік экстракциялау бойынша тренинг, Дюссельдорф қ., Германия
  • Атриальды фибрилляцияны криоабляциялау бойынша тренинг, Будапешт, Венгрия
  • Қарыншалық тахикардияны эпикардиальды абляция бойынша тренинг, Адана қ., Түркия

ҰЙЫМДАРҒА МҮШЕЛІК:

  • «Қазақ аритмологтар қоғамы» республикалық қоғамдық бірлестігінің президенті
  • «2015 жылдан бастап жыл сайын АҚШ, Еуропа (Германия, Австрия, Венгрия, Франция, Испания, Чехия), Түркия, Ресей, Әзірбайжан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстанның жетекші аритмологтарының қатысуымен клиникалық электрофизиология және интервенциялық аритмология бойынша Халықаралық конгресс өткізеді. 2020 жылдан бастап конгресс EHRA in Kazakhstan мәртебесін алды. Еуропалық Жүрек ырғағы қауымдастығымен бірлесіп өткізілетін жалғыз жыл сайынғы конгресс
  • Еуропалық Жүрек ырғағы қауымдастығы Ұлттық қоғамдар комитетінің мүшесі.
  • Жібек жолы елдерінің - Қазақстан, Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан, Әзірбайжан, Грузия Жүрек ырғағы қоғамының вице-президенті-

ҒЫЛЫМИ ЖҰМЫСТАРЫ:

  • 2018-2023 республикалық және шетелдік ғылыми басылымдарда, мерзімді ғылыми басылымдарда - 42, уәкілетті орган ұсынған басылымдарда - 17, халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдарда (Journal Citation Reports (Journal Citeishen reports) мәліметтері бойынша 1, 2 және 3 квартильге кіретін журналдар) Clarivate Analytics (Кларивэйт аналитикс) немесе Scopus (Скопус) деректер базасында Citescore (СайтСкор) бойынша процентиль көрсеткіші ғылыми сала бойынша кемінде 35) - 13 (1 квартиль – 3, 2 квартиль – 5, 3 квартиль – 5), 4 квартиль – 7 ғылыми жұмыс. Басқа халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдарда – 5 ғылыми жұмыс, конференциялардағы тезистер мен абстрактілер – 24. 1 монография: «Жүкті әйелдерде болатын аритмия», 1 кітап: «Клиникалық аритмология» (1 тарауы жазылған)
  • «Heart, Vessel and Transplantation» журналдарының редакциялық кеңесінің мүшесі (Бішкек, Қырғызстан), Аритмология хабаршысы (Санкт-Петербург, Ресей), Ғылым және денсаулық сақтау (Семей, Қазақстан)
  • Астана медицина университетінің жанындағы «Медицина» мамандығы бойынша PhD Диссертацияларды қорғау жөніндегі диссертациялық кеңестің төрағасы.
  • Хирш Индексі (Scopus) – 5

НАГРАДАЛАРЫ:

  • «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісі
  • «Ақ жүрек» ҚР үздік интервенциялық аритмологы
  • «Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл» төсбелгісі
  • Fellow of European Heart Rhythm Association (FEHRA, 2021) – Еуропалық жүрек ассоциацииағы қауымдастығының құрметті мүшесі.
  • Fellow of Heart Rhythm Society (FHRS, 2021, USA) – Жүрек ырғағы қоғамының (АҚШ) құрметті мүшесі.
  • Fellow of European Cardiology Society (FECS, 2022) – Еуропалық кардиология қоғамының құрметті мүшесі.

Аурухана серіктестері