Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

Алғыс хаттар

Құрметті әріптестер !

Елбасымыздың Жарлығымен пандемия кезінде Қазақстан халқының денсаулығын жақсарту, денсаулық сақтау жүйесін қолдау және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында биылғы жылы көп жұмыстар жасалып жатқаны бәрімізге мәлім. Денсаулық тек жеке адамның ғана емес, бүкіл қоғамның байлығы.Осы салада ҚР Президентінiң Іс басқармасы орталығының барша медицина қызметкерлеріне алғысымды білдіргім келеді. Соның ішінде Мусаев Талғат Қостайұлы жақында жүрегіме операция жасап шыққаннан кейін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ғимаратындағы Денсаулық пунктінің жоғары санатты дәрігерлері атап айтқанда Жанат Ұзақбайқызы мен жоғары санатты массажист Байғазиева Гүлнәр Тұрғанбекқызының емдеу шараларынан толық өтіп денсаулығымды қайта қалпына келтірдім. Ақ халатты жандардың аялы алақанының жылуын сезіндім. Ұйқысыз өткен көп күндерім артымда қалды . Мың сан шын жүректен шыққан Алғысымды білдіргім келеді. Сіздердей ақ халатты патриот- азаматтардың арқасында еліміз еңсесі биік, іргесі берік, дамыған мемлекеттердің қатарынан көрінері сөзсіз. Осы орайлы сәтті пайдалана отырып, дендеріңіз сау, еңбектеріңіз жемісті болсын. Жанұяларыңызда баянды бақыт тілеймін!.

Ізгі ниетпен- Менеджмент магистрі, Мәдениет қайраткері, рәмізтанушы МУСАЕВ Талғат Қостайұлы

19.11.2020


Қайырлы күн!

Ерлан Жәлелұлы Еңсебаев басқаратын №4 хирургия бөлімінің ұжымына алғысымды білдіргім келеді. Мұндағы таң бөлім меңгерушісі мен дәрігерлердің науқастармен жылы амандасып, хал сұрауынан басталады.

Бөлімдегі тәжірибелі хирург Айдын Рахманғалиұлы Омарқұлов ота жасап, шипалы ем алып шығуыма бар күші мен біліктілігін жұмсады. Айдын Рахманғалиұлы мен жара таңушы медбике Алма Сәбитбекқызының ұқыптылығы, жылы сөздері мен емделушілерге деген ыстық ықыластарының өзі дертке дауа деп есептеймін.

Қызмет түрінің өзі айтып тұрғандай, бұл бөлімде жоспардағы ем-шаралардан өзге жедел түрде консилиум шақырылып, шешімдер қабылданып, оталар жасалып жатады. А.Р.Омарқұловтың түнгі кезекшілікпен қатар келген шұғыл операцияларға қатысып, ертесінде әдеттегі жұмысын жалғастырғанына куә болдым. Шаршап тұрса да, күлімсіреп жағдайымызды сұрап, науқастардың жарасын таңып, өз кәсібіне деген жауапкершілігін ісімен көрсете алды деп ойлаймын.

Осы ұжымдағы мейіргер Мейрамбек (иненің орнын дәл табады), медбикелер Ғанижамал мен Ақтоты (ұқыпты, жылыжүзді), санитар Меңсұлу (палатаны аса мұқият жинайды), өзі нәзік әрі мәдениетті тағам үлестіруші ханымға және басқа есімдері аталмаған бөлім қызметкерлеріне де алғыс айтамын.  

Бөлімнің тағы бір ерекше тұсын айтар болсам, бұл жерде негізгі жұмыс тілі де, емделушілермен қарым-қатынас тілі де – мемлекеттік тіл. Президентіміз қазақ тілінің қолданысын күшейтуді қолдап жатқанда, ана тілімізге деген №4 хирургия бөлімінің үлесі мақтауға тұрарлық деп санаймын.

Дер кезінде шұғыл шешім қабылдап, аурудың асқынуына жол бермей, ем-шараны жалғастырып жатқан емхана хирургі, білікті дәрігер Мұқатай Мәдина Мейрамғазықызы мен медбике Жазираға да шексіз рахмет.

Өз міндеттерін мүлтіксіз атқарып жатқан дәрігерлерімізді Алла қателестірмесін, ел ризашылығына бөленсін, отбасылары берекелі болсын, ауырмай-сырқамай көп жасай берсін!

Құрметпен, Г.Т. Өтелбай

02.03.2020


Сіздің Ауруханаңыздың хирургиялық бөлімшенің меңгерушісі Ғаббасов Ерғали Мұхтарұлына және дәрігер Уразов Талғат Даутұлына шын жүректен алғысым мен ризашылығымды білдіремін. Ұзақ уақыт бойы мен операция жасатуға шешім қабылдай алмай жүрдім, бірақ олардың сендіргендеріне және моральдық қолдауларының арқасында мен келістім. Операция жақсы өтті, олар маған екінші өмір сыйлады. Кез келген уақытта көмекке келе алатын Ерғали Мұхтарұлы мен Талғат Даутұлының, олардың қамқор қолдары мен сезгіш жүректерінің арқасында мен бірте-бірте жазыла бастадым. Өмірде осындай маңызды мамандықтың болуы және ересектер мен балалар қамқор дәрігерлердің көмектерін табатыны қандай керемет. Ерғали Мұхтарұлы мен Талғат Даутұлы, Сіздер таза жүректі, барлық пациенттеріңе өз мағаббатыңыз бен қамқорлығыңызды сыйлайтын Құдай берген дәрігерсіздер.

Медициналық қызметкер Күні қарсаңында Сізді және хирургиялық бөлімшенің барлық медицина қызметкерлерін шын жүректен мерекелеріңмен құттықтаймын. Сіздің қиын еңбегіңіз үшін рахмет. Қуаныш, сәттілік және табыс, мықты денсаулық тілеймін,сіздердің жүректеріңізде әрдайым мейірім оты сөнбесін!

Сіздің кәсібилігіңіз үшін рахмет!

Әбішева Зейнеп Темірғалиқызы

Көкшетау қ.

87755370109


Барлық қызметтердің нақты үйлесімді жұмысы жетекшінің талантын көрсетеді.

№3 бөлімше меңгерушісі Каргина Гүлнар Халилоллақызына, емдеуші дәрігер Сәрсенбаева Айжан Жақсылыққызына шын жүректен алғысымды айтамын. Дәрігер Айжан Жақсылыққызы Сәрсенбаева. Жұмыстың көптігіне қарамастан, олар әрбір пациентке барынша көңіл бөледі, шын мәнінде қамқорлық жасайды.

30 жылдан астам уақыт бойы Бекенова Бақыт Садыққызын танимын, оның кәсіби және рухани қасиеттері туралы аңыздарды баяндауға болады. Мен оны емханада кездескен кезде өте қуандым. Кезекші терапевт Чиканаева Бағитжамал Хожахметқызы менің қасымда бірнеше ұйқысыз түн өткізді. Диетолог Шопанова Гүлнар Төлебайқызы сауатты жасалған диетамен және жақсы қарауымен көмектесті.

№3 бөлімшеде нағыз мейірбан бикелер жұмыс істейді. Олар Айгүл Сардарбекқызы, Сәуле Төлегенқызы, Меңдібаева Гаухар, Баян Аққожина. Емшаралық мейірбике Спанова Жанат Секетайқызына және соматикадағы Солтанбекова Ақмарал Дүйсенбекқызына алғыс айтқым келеді. Санитарлар Ағиша Қыздарбекқызы, Жанұзақова Ботагөз Орынбекқызы да жақсы әсер қалдырды.

Шынайы құрметпен, журналист Юсупова Сая Абдрахманқызы.

Қарағанды қ.

23.12.2016 ж.


Дәрігерлер Жармұхамбетов Ерлан Айтқалиұлына, Ахметов Алмасбек Периденұлына, Мурзахметов Нариман Мурзахметұлына және Садуқасов Манар Саржанұлына олардың ақылы, таланты және ең бастысы мейірімді адами қатынастары үшін шынайы ризашылығымды білдіргім келеді.

Сонымен қатар, Нұрымбетова Меруерт Дүйсенбекқызы, Мухантаева Асия Ермекқызы және Ежебаева Ажар Куанғанқызы мейірбикелерінің жылулығы мен жанашырлығы үшін, сондай-ақ пациенттерге және олардың отбасыларына деген көмекке, мұқият қарауы мен оптимизмге ризамын.

Олар палатаға әрдайым жүздері жайнап кіреді, қолдап, емшараларды өткізу қажеттілігіне қатысты түсініктемелерді айтады және жігерлендіреді.

Их вход в палаты всегда сопровождаются улыбками, умением подбодрить и разъяснить о необходимости применения той или иной лечебной процедуры.

Агубаев Тамен Мухамеджанович

16.09.2016 ж.


Реанимациялық бөлімше қызметкерлеріне ерекше алғыс айтамын, атап айтқанда Айжан және Гүлнұр мейірбикелеріне және санитар Лейла татеге. Олар кең жүректі адамдар, осы кісілермен танысқаныма бақыттымын және Аллаға алғысымды айтамын.

 

Олар өз жұмыстарын тек кәсіби жасап қоймай, ауыр науқастарды құтқаруда жанын салады.

 

Осы қызметкерлер болмағанда бүгін осы алғысымды жазар-жазбасымды білмеймін.

Жайсанбай Әсем
03.04.2016 ж.


Алдын алу бөлімшесіне келіп, окулист Рамазанова Ботагөз толық кеңес беріп, алыстан көре алмау, сондай-ақ емдеудің заманауи әдістері туралы толық ақпарат берді. Дәрігер жұмысының жоғары кәсібилігін, өз қызметіне деген махаббатын атап өткім келеді.

Ереева Ж.Ж.
Астана қ.
29.03.2016 ж.


Біздің отбасы аналық және әкелік алғысын білдіреді. Сіздің қызметкерлеріңізге үлкен тағзым. Біздің қызымызды Молчанова Галина Владимировнаны құтқарғандарыңызға рахмет. Сіздер біздің бақытымызды, ең қымбаттымызды қайтардыңыз. Осындай тамаша адамдармен және кәсіпқой мамандармен жолықтырғаны үшін тағдырға алғыс айтамыз. Ең үздік диагност, керемет маман, сезгіш және қайырымды профессор Қуанова Лариса Болатқызына үлкен рахмет, ол біздің қызды бір қарағаннан нақты диагноз қойды, біз осы ҚР ПІБ МО Ауруханасына келер алдында Теміртау, Қарағанды қалаларында көптеген мамандарға жолығып, тіпті нақты диагноз ала алмағанбыз. Сонымен қатар Болковой Владимир Владимировичке және Алмағамбетова Венера Қанатқызына зор ризашылығымызды айтқымыз келеді. Сіздер барлығыңыз керемет дәрігерлер ғажап нәрсе жасадыңыздар, соның арқасында біздің қыз Молчанова Галина Владимировна әрі қарай өмір сүре алады.

Паркиндер отбасы

16.02.2016 ж.


Мамбетова Мадина Мұхамедбекқызына оның алтын қолдары, қарапайымдылығы мен ақжүректігіне, барлық пациенттерге деген мұқият қарауына және кәсіпқойлығына зор алғысымды білдіремін. Сонымен қатар №3 хирургиялық бөлімшенің барлық медициналық қызметкерлеріне үлкен рахмет. Қазіргі уақытта екі көзім де жақсы көреді.

 

Ракимберлина К.К.
28.12.2015ж.


Каикенов Берік Талғатұлы, Рахметов Дархан Қызырұлы, Омарқұлов Айдын Рахманғалиұлы секілді тамаша дәрігерлерге және олардың мейірбикелеріне жоғары кәсіпқойлықтары үшін үлкен азаматтық алғысымды білдіремін. Медицина ғылымдарының докторы Аженов Талапбек Мұратұлы бастаған бірінші хирургиялық бөлімшенің және Әбдіқалықова Балқия Аманжолқызының басқаруындағы гипербариялық бөлімшенің ұжымдарына алғысымды айтамын. 

Ізгі құрметпен, жазушы Смағұл Рахымбеков

Астана қ.

14.12.2015 ж.



Аурухана серіктестері