Хабарландыру
Құрметті түлектер!
ҚР «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 223-бабының 6-тармағына және «Денсаулық сақтау саласындағы білім беру бағдарламалары білім алушыларының білімі мен дағдыларын бағалау, түлектерінің кәсіптік даярлығын бағалау, денсаулық сақтау саласындағы мамандардың кәсіптік даярлығын бағалау қағидаларын бекіту туралы» ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-249/2020 бұйрығына сәйкес, резидентура түлектерінің кәсіптік дайындығын бағалауды денсаулық сақтау саласындағы түлектерді бағалау жөніндегі аккредиттелген ұйым «Ұлттық тәуелсіз емтихан орталығы» РҚБ екі кезеңде жүргізеді:
Бірінші кезең - А және F, G типті бір дұрыс жауабы бар бірнеше таңдаулы тест сұрақтарымен компьютерлік тестілеу.
Екінші кезең - кейс-тест (ситуациялық есептерді шешу). Әрбір тапсырма дәйекті тапсырмалардан тұрады.