Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

Президенттік клиникада Түркияның танымал профессорының қатысуымен травматология бойынша шеберлік сағаты өтуде

  24.06.2022
Бүгін Президенттік клиникаға «Medicabil» түрік клиникасы делегациясы ресми сапармен келді. Сапар аясында Президенттік клиника мен «Клиникадағы клиника» жобасын іске асыруды, сондай-ақ травматология мен ортопедияда инновациялық медициналық технологияларды қолдану тәжірибесімен өзара алмасуды көздейтін «Medicabil» түрік клиникасы арасында әріптестік туралы келісімге қол қойылды.
Президенттік клиниканың директоры Валерий Бенберин кездесу барысында мамандарға тәжірибе мен қолданылатын технологияларды беруге мүмкіндік беретін «Клиникадағы клиника» жобасының маңыздылығын атап өтті.

Екі күн бойы, 24-25 маусымда Президенттік клиниканың травматолог-ортопедтері «Medicabil» клиникасының атақты профессоры, ортопедиядағы роботталған хирургия бойынша жетекші маман Омер Фарук Билгеннің қатысуымен шеберлік сағатын өткізеді.
Бірлескен ынтымақтастықтың арқасында Президенттік клиника базасында туа біткен шығып кету кезінде ұршық буынын күрделі бастапқы протездеу бойынша бірқатар операциялар жүргізіледі. Екі күн аралығында Президенттік клиниканың шақырылған мамандары мен ортопедтері жинақталған тәжірибесімен бөлісіп, көпсалалы тәсілді талап ететін травматологиялық бейіндегі пациенттерді бірлесіп қабылдайтын болады.

Сондай-ақ, Омер Фарук Билгеннің шеберлік сағаты аясында елордалық клиникалардың травматологтарына лекция өтеді. Сондай-ақ, Омер Фарук Билгеннің шеберлік сағаты аясында елордалық клиникалардытравматологтарына лекция өтеді. 

photo5310034992405002626.jpg photo5310034992405002627.jpg
photo5310034992405002630.jpg photo5310034992405002628.jpg



Аурухана серіктестері