ҚР ПІБ МО Ауруханасы директорының орынбасарының өмірбаяны Сайрам туралы кітапқа енді
11.10.2021
Кітапта ауылдың тарихы, мәдениеті, көрікті жерлері және жетістікке жеткен ауыл азаматтары туралы жазылған.
Олардың арасында директордың стратегиялық даму, ғылым және білім жөніндегі орынбасары Насрулла Шаназаров та бар.
Ол Қазақстанда бірінші болып рак ауруын фотодинамикалық терапияның көмегімен емдей бастады.
Ол кісінің 700-ден астам ғылыми жұмысы жарық көрді.
Студенттер мен дәрігерлерге арналған 40 әдістемелік құрал әзірледі, осы оқулықтардың көмегімен Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей және Грузияда мамандар даярлануда.