Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

ЭНДОСКОПТЫҢ ҰШЫНДА: ПРЕЗИДЕНТТІК КЛИНИКАДА ЭНДОСКОПТЫҢ КӨМЕГІМЕН АСҚАЗАН-ІШЕК ЖОЛДАРЫНЫҢ АУРУЛАРЫН ҚАЛАЙ ЗЕРТТЕЙДІ ЖӘНЕ ЕМДЕЙДІ

  28.06.2019

Жыл сайын ҚР ПІБ МО Ауруханасының эндоскопия бөлімшесінде он мыңнан астам эндоскопиялық емшаралар орындалады – мұнда диагноз қоюға арналған зерттеулері де, сондай-ақ елімізде сирек кездесетін және сәйкесінше сирек зерттелетін асқазан-ішек жолдарының ауруларын емдеуі де жатады. Президенттік клиниканың эндоскопия бөлімшесінің меңгерушісі Арсен Түсіпбаев заманауи оптикалық аспаптардың мүмкіндіктері, олардың көмегімен пациенттердің жағдайын жақсартуы және оларды құтқару үшін қолданылуы туралы айтып береді.

2019.06.28 Видеоэнтороскоп ЭндоУЗИ 1

1. ЭНДОСКОПТЫҢ МҮМКІНДІКТЕРІ

Эндоскопия бөлімшесінде біз ішкі диагностикалық және операциялық қызметтердің барлық спектрін орындаймыз, яғни эндоскоптың көмегімен біз ауруды зерттеп, емдей де аламыз. Атап айтқанда, бүгінгі таңда біздің мамандар бейнеэзофагогастродуоденоскопия (өңеш, асқазан және ұлтабарды тексеру), бейнеколоноскопия (тоқ ішекті тексеру) және жоғарғы тыныс алу жолдарын (кеңірдек пен өңеш) тексерулерін жүргіземіз. Сондай-ақ біз бейнеэнтероскопия (жіңішке ішекті тексеру) жүргізетін елдегі жалғыз медициналық мекеме болып табыламыз.

Сонымен қатар біздің докторларымыз эндоскопиялық ультрадыбыстық диагностика (ЭндоУДЗ) секілді бірегей зерттеу түрлерін орындайды. УДЗ-бақылауымен біз бүгін онкологияға күдіктенуді растау немесе жоққа шығару үшін ұйқы безінің биопсиялық материалын ала аламыз. Дәл осындай тіннің көзделген биопсиясын өкпе және лимфа түйіндерінде де орындаймыз. Бұл жайлы төменде нақтырақ айтып береміз.

2019.06.28 Видеоэнтороскоп ЭндоУЗИ 4

Эндоскопист дәрігерлері ісіктердің саңылауды жабу кезінде стенттеуді, тыртықтың тарылуы кезінде баллонды дилатацияны, полипэктомия (полиптерді алып тастау), беткейлік ісіктері бар шырышты қабықты резекциялау (алып тастау) жүргізеді. Бұдан басқа, өт жолдарының патологиясын тексеруді және емдеуді жасаймыз, мысалы: ретроградтық холангиографияны (өт жолдарының рентгені), папиллосфинктеротомия – үлкен дуаденалық түйінді кесу, литоэкстракция – осы жолдардағы тастарды арнайы құралмен шығарып, осылайша өт шығару үшін ағындарды қамтамасыз етеміз, сондай-ақ өт кетуін қамтамасыз ету үшін биллиарлық стенттерді орнатамыз.

2. ИННОВАЦИЯЛАР МЕН ЕНГІЗУЛЕР

Біздің соңғы енгізулеріміздің бірі – бейнеэнтероскоптың көмегімен аш ішекті зерттеу. Әрине, капсулалық эндоскопия деп аталатын балама әдісін де жасаймыз. Бұл әдіс пациент үшін ыңғайлы, себебі ол тек капсуланы жұтып, 12 сағат бойы капсуладан фото қабылдайтын сенсорды денеде алып жүру керек. Осы уақыт ішінде капсула аш ішектің шырышты күйін суретке түсіреді, кейін дәрігер бұл суреттерді датчиктен компьютерге көшіреді және оларды қарайды. Бірақ бұл жағдайда өз кемшіліктері бар – капсула әрдайым патология аймағында сапалы суреттер жасай алмайды, оны қарау, биопсияны алу, емдеу әрекеттерін орындай алмайды.

2019.06.28 Видеоэнтороскоп ЭндоУЗИ 3

Бейнеэнтероскоп – сол эндоскоп. Оның ұзындығы мен арнайы баллондағы айырмашылығы, ол жіңішке ішекті эндоскопқа тартуға арналған. Осы зерттеу әдісі арқылы біз шырышты сапалы визуализациялай аламыз, себебі аспапта оптика әлдеқайда жақсырақ, аспаптық арнасы бар. Осының арқасында, біз оны жақсырақ қарау үшін шырышты бөлікті тазалап, биопсияны алып, қан кетуді тоқтатып, немесе қандай да бір емдеу емшарасын орындай аламыз. Бүгінгі таңда біз – аш ішекке осындай зерттеу жүргізетін Қазақстандағы жалғыз клиникамыз.

ЭндоУДЗ де біздің алғашқы енгізулеріміздің бірі болып табылады: біз осы емшараны Қазақстанда алғашқы орындадық. Біздің елімізде қазіргі уақытта осындай қызметті алуға болатын медициналық мекемелер аз. Қазір осы бағыт бойынша Қазақстанның әр аймағынан келген көптеген пациенттер бізге жіберіледі. Біздің дәрігерлер Мәскеуде, Израильде, Оңтүстік Кореяда оқып, осы емшараны орындау үшін жеткілікті тәжірибе жинақтады.

2019.06.28 Видеоэнтороскоп ЭндоУЗИ 2

ЭндоУДЗ ісік инвазиясының (ісік жасушаларының өсуі) тереңдігін анықтау және асқазан-ішек жолы мен гепато-билларлық аймағында биопсияны мақсатты алу үшін тиімді. Біздің пациенттеріміздің тоқсан пайызына дейін осы емшарадан өту кезінде біз нақты диагноз қою үшін УДЗ бақылауымен тек эндоскопиялық тәсілмен бақылай алатын ұйқы безі патологиясына жүгінеді. Бұл емшара іс жүзінде ауыртпайды: пациенттің аузы арқылы ұшында УД датчигі бар эндоскоп енгізіледі, УДЗ көмегімен патология ошағы табылады, арнайы ине енгізіледі, онда біз материалды аламыз және оны одан әрі Аурухананың паталогиялық-анатомиялық зертханасында зерттеу үшін аламыз. Осы уақыт аралығында біздің пациент жеңіл наркоз астында балады.

Сондай-ақ біз өңеш көктамырларын таңамыз. Бауыр ауруы кезінде пациенттерде, әдетте, көктамыр қысымы артады. Көбінесе өңеш тамырлары зардап шегеді – олар кеңейіп, кез келген уақытта қан кетуі мүмкін, содан пациент өз қанымен тұншығып өле алады. Ол болмас үшін, біздің мамандарымыз осы көктамырларды уақытында таңуды орындайды.

2019.06.28 Видеоэнтороскоп ЭндоУЗИ 5

Біз жүргізетін тағы бір манипуляция – баллонды делитация. Әдетте, асқазанға, немесе ішекке жасалған қандай да бір операциядан кейін, немесе осы аймақта болған күйіктен кейін жолдарды жауып жауып, тамақтың өтуін қиындататын тыртықтар пайда болады. Біз операциясыз, баллонды енгізу арқылы арнайы баллонды үрлейтін және қажетті мөлшерге дейін кеңейтетін ауа қысымын жасаймыз, бұдан кейін пациент қайтадан толыққанды тамақтана алады.

3. ҚЫЗМЕТТІ ҚАЛАЙ АЛУҒА БОЛАДЫ

Біздің қызметімізді кез келген адам, біздің елдің азаматы болмаса да ала алады. ЭндоУЗИ, энтороскопия және басқа диагностикалық қызметтерді Президенттік клиниканың прейскуранты бойынша ақылы негізде жүргізіледі, ал емдік емшаралары (полипэктомия, резекция, шырышты қабықтың диссекциясы) квота немесе мамандандырылған медициналық көмек бағдарламасы бойынша тегін алуға болады.

Эндоскопиялық қызметтер пациенттің оларды өту кезінде ауруханаға жатқызуды қажет етпейтінімен жақсы: олар – аз инвазивті, тіліксіз, науқастың ыңғайлылығы үшін жеңіл наркозбен орындалады және сол себептен біздің пациенттердің оңалту кезеңі ұзаққа созылмайды. Біздің емшаралардың шамамен тоқсан пайызы амбулаториялық түрде орындалады.



Аурухана серіктестері