Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

ҚР ПІБ Медициналық орталығының ауруханасында эндофаллопротездеу операциясы жасалады

  16.05.2023
ҚР ПІБ Медициналық орталығының ауруханасында эндофаллопротездеу операциясы жасалады

Эндофаллопротездеу – ер адамдардағы эректильді дисфункцияны емдеудің радикалды әдісі ретінде қолданылатын хирургиялық емдеу әдісі. Эндофаллопротезді имплантациялау – күрделі хирургиялық операция, оны білікті әрі тәжірибелі хирург жасауы керек. ҚР ПІБ МО ауруханасының № 4 хирургиялық бөлімшесінде жұмыс істейтін уролог-дәрігерлер осы сұранысқа сай.

Ауруханада аралас формалы эректильді дисфункциясы бар науқасқа кезекті операция сәтті жасалды. Бұрын ұзақ уақыт бойы осы проблемадан зардап шегіп, несеп жолына көптеген реконструктивті операциялар жасатқан және сауығуына еш әсері болмаған консервативті емдеу курстарыннан өткен науқас ауруханадағы аталмыш хирургиялық процедураны өзі іздеп келген.

ҚР ПІБ МО ауруханасында дәрігерлер осындай пациенттерге барлық тексерудің диагностикалық кешенін жүргізуге және қажет болған жағдайда хирургиялық түзету жоспарына көмектесуге дайын.




Аурухана серіктестері