ҚР ПІБ Медициналық орталығы Ауруханасының директоры - Раушан Жомартқызы Қарабаева

Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығы ауруханасының директоры
Медицина ғылымдарының докторы, қауымдастырылған профессор, МВА
ЕҢБЕК ӨТІЛІ:
- 2021 – қазіргі уақытқа дейін ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс Бас терапевті
- 2012-2015 – ҚР ПІБ Медициналық орталығы ауруханасы Бас дәрігерінің емдік жұмыс жөніндегі орынбасары
- 2010-2012 – ҚР ПІБ Медициналық орталығы ауруханасы Бас дәрігерінің емханалық жұмыс жөніндегі орынбасары
- 2009-2010 – ҚР ПІБ Медициналық орталығы ауруханасының №3 емхана бөлімшесінің меңгерушісі
- 2008-2009 – Алматы қаласындағы Инфекцияға қарсы препараттардың ғылыми орталығы клиникалық зертханасының бас зерттеушісі, зертхана меңгерушісінің орынбасары
- 2004-2007 – Қарағанды қаласындағы Еңбек гигиенасы және кәсіптік аурулар ұлттық орталығы, «Еңбек медицинасы» мамандығы бойынша докторантура
- 2003-2004 – Қарағанды қаласындағы Еңбек гигиенасы және кәсіптік аурулар ұлттық орталығы, аға ғылыми қызметкер
- 1999-2002 – Алматы қаласындағы №5 қалалық емханада кардиолог-дәрігер
- 1996-1999 – Алматы қаласындағы Қазақ кардиология ғылыми-зерттеу институты, «Кардиология» мамандығы бойынша аспирантура
- 1994-1996 – «Кардиология» мамандығы бойынша клиникалық ординатура, Алматы қаласындағы Қазақ кардиология ғылыми-зерттеу институты
БІЛІМІ
- 1988-1994 – Алматы мемлекеттік медицина институты (үздік диплом)
- 1994-1996 – Алматы қаласындағы Кардиология ҚазҒЗИ аспирантурасы
- 2004-2007 – Қарағанды қаласындағы Еңбек гигиенасы және кәсіптік аурулар ұлттық орталығында докторантура
- 2014 – «Болашақ» бағдарламасы бойынша «Денсаулық сақтау саласындағы менеджмент» тағылымдамасы, VCU (АҚШ)
- 2020-2022 – ALMAU, MBA
ҒЫЛЫМИ ЖҰМЫСТАРЫ:
- «Қазақ популяциясындағы артериялық гипертензия кезіндегі миокард пен каротид артерияларын қайта құрумен байланысты гендердің полиморфизмдерін зерттеу» ғылыми-техникалық бағдарламасының жетекшісі (2018-2020 жж.)
- «Қазақстан Республикасында дербестендірілген және алдын алу медицинасын енгізудің ұлттық бағдарламасы» ғылыми-техникалық бағдарламасы шеңберінде «Қазақ популяциясында артериялық гипертензияны дамытудағы генетикалық факторлардың рөлі» жобасын орындау бойынша уақытша ғылыми ұжымның жетекшісі (2021-2023 жж.), Қазақ ұлттық медицина университеті – бірлесіп орындаушы
НАГРАДАЛАРЫ:
- «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» белгісі
- «Денсаулық сақтауды дамытуға қосқан үлесі үшін» белгісі
- «Құрмет» ордені
