Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы Медициналық орталығының ауруханасына қош келдіңіздер
Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы Медициналық орталығының ауруханасына қош келдіңіз!
Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы Медициналық орталығының ауруханасы – 9 хирургиялық және 7 терапиялық бейін бойынша медициналық қызметтердің барлық спектрі көрсетілетін көпбейінді клиника.
Біздің Аурухананың жоғары білікті мамандары профилактика және диагностика, пациенттерді емдеу мен оңалту саласындағы ең озық және инновациялық әдістерді қолданады. Аурухананың соңғы буын медициналық жабдықтары бірегей диагностикалық және емдік емшаралардың барлық түрін жүргізуге мүмкіндік береді.
2016 жылдан бері Аурухана JCI халықаралық аккредитациясын үш рет растады, бұл көрсеткіш денсаулық сақтаудағы алтын стандарт болып табылады және мінсіз менеджмент пен жоғары сапалы әрі қауіпсіз қызметтің айғағы.
Клиникамен қалай байланысуға болады?
Медициналық қызметке өтінім беру жүгіну тәсіліне қарамастан қабылданады:
1) телефон арқылы (Call орталығы: +7 701 534 95 88, + 7 (7172) 70-80-90 немесе серіктес клиникалармен өзара іс-қимыл және медициналық туризмді дамыту бөлімі: + 7 (7172) 70-80-14, + 7 (7172) 70-79-98, + 7 (7172) 70-78-80 (ішкі 7113);
электрондық пошта арқылы: international@bmc.mcudp.kz
2) біздің мамандар келіп түскен өтінімді тез арада өңдеп, қажет болған жағдайда қосымша ақпарат сұратады және клиникалық бөлімшенің мамандарына жібереді.
3) 24 сағат ішінде пациентке емдеу ұзақтығын анықтай отырып, емдеуге арналған болжамды шығыстарды қамтитын емдеудің алдын ала жоспары жіберіледі
4) пациент келіскен жағдайда қажетті шақыру ресімделеді және мынадай қосымша ақпарат нақтыланады:
- визалық қолдау қажеттілігі;
- көлік қажеттілігі;
- тұрғынжайға қажеттілік;
- басқа қажеттіліктер.
«Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы Медициналық орталығының ауруханасы» РМК-да Қазақстан Республикасының бейрезиденттеріне көрсетілетін ақылы медициналық қызметтер прейскуранты
Шетелдік пациенттердің оқиғалары
ПАЦИЕНТТІҢ ОҚИҒАСЫ: СТЕФАНО РАЙМОНДИ (ШВЕЙЦАРИЯ)
Стефано Раймонди Президенттік клиниканың дәрігерлеріне тізесінің қатты ауыруына байланысты жүгінген еді, нәтижесінде ол ескі жарақатынан бөлек басқа да ауруларын емдеп алуды жөн көрді. Ауруханаға жатқаннан кейін үшінші күні ол мұрнындағы полиптерді емдеуді ұйғарып, лор дәрігеріне жүгінеді. Нәтижесінде, ол бір аптасын Травматология, ортопедия және көз микрохирургиясы бөлімшесінде өткізсе, ал келесі аптада оны Оториноларингология және нейрохирургия бөлімшесіне орналастырды. Президенттік клиниканың дәрігерлері тізе буынын ауыстырудың балама әдісін ұсынды, сонымен қатар тыныс алуға қатысты мәселесін шешіп берді
Стефано Раймондидің оқиғасымен толығырақ мына сілтеме арқылы өтіп танысуға болады: http://bmcudp.kz/ru/news/6659
ПАЦИЕНТТІҢ ОҚИҒАСЫ: МАХФУДА – АЛЬ – АМРИ (ОМАН)
Махфуд аль Амри әлемнің әртүрлі ауруханалары, оның ішінде Президенттік клиникадан да консультация алады, нәтижесінде ол операция жасату үшін осында келеді. Тізесінің ауырсынуы тізе буынының зақымдануына байланысты болған екен. Президенттік клиниканың дәрігерлері травматологиядағы ең аз жарақатты операциялардың бірі болып саналатын тізе буынына артроскопия жасауды ұсынды. Аталған емшара
буынды толығымен сақтап қалуға, сондай-ақ протездеуді кейінге шегеруге мүмкіндік
Махфуды аль Амридің оқиғасымен толығырақ мына сілтеме арқылы өтіп танысуға болады: http://bmcudp.kz/ru/news/6396