Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы Медициналық орталығының ауруханасына қош келдіңіздер
Президенттік клиникаға қош келдіңіз!
Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы Медициналық орталығының ауруханасы - білікті, мамандандырылған және жоғары технологиялық медициналық көмек көрсетуге арналған заманауи медициналық ұйым.
Президенттік клиника қабырғасында 40-тан астам емдеу-диагностикалық бөлімшелері жұмыс істейді: ядролық медицина, жүрек-қантамыр хирургиясы, интервенциялық кардиология. Клиникада әлемнің жетекші медициналық мекемелерінде қолданылатын алдыңғы қатарлы емдеу және диагностикалау технологиялары бар.
Клиникада Эпилептология орталығы, Диагностика орталығы, Қалпына келтіру емі және оңалту орталығы, Геронтология орталығы жұмыс істейді, робот-ассисттелген хирургияның референс орталығы, молекулалық-геномдық зертхана ашылған.
Президенттік клиника Қазақстанның елордасы Алматы қаласынан көшірілгеннен кейін 1997 жылы Астанада ашылды. Аурухана 2011 жылдың ақпан айынан бастап жыл сайын ISO 9001:2008 Халықаралық стандарттарға сәйкестік сертификатын сәтті растап келеді. Аурухана 2019 жылдың сәуір айында JCI Біріккен халықаралық комиссиясының аккредиттеу сертификатын растады.
Клиникамен қалай байланысуға болады?
Медициналық қызметке өтінім беру жүгіну тәсіліне қарамастан қабылданады:
1) телефон қоңырауы (МОА Call-орталығы тел. + 7 (7172) 70-80-90 немесе 70-79-97, 70-79-98, 70-78-80 (ішкі. 7113);
электрондық поштасы international@bmc.mcudp.kz
2) Медициналық туризм, маркетинг және жарнама бөлімі келіп түскен өтінімді тез арада өңдеп, қажет болған жағдайда қосымша ақпарат сұратады және клиникалық бөлімшенің мамандарына жібереді.
Тиісті клиникалық бөлімшенің дәрігері емдеудің болжамды ұзақтығын бағалай отырып, емдеу жоспарын ұсынады.
Медициналық туризм, маркетинг және жарнама бөлімнің маманы алдын-ала емдеу сметасын жасайды.
3) Үш жұмыс күні ішінде пациентке алдын ала емдеу жоспары ұсынылады.
4) Егер де пациент келісіп, емделуге келу туралы шешім қабылдаса, келу күні нақтыланады.
Медициналық туризм, маркетинг және жарнама бөлімінің мамандары шақыруды рәсімдейді (қажет болған жағдайда) және келесі ақпаратты нақтылайды:
- визалық қолдаудың қажеттілігі;
- сапарды ұйымдастыру;
- көлік қажеттілігі;
- тұратын жерінің қажеттілігі;
- басқа қажеттіліктер.
«Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы Медициналық орталығының ауруханасы» РМК-да Қазақстан Республикасының бейрезиденттеріне көрсетілетін ақылы медициналық қызметтер прейскуранты