Набиева Гульбаршин Бахтыгалиевна
Құрметті, емхана әкімшілігі! Сіздердің адал еңбектеріңіз бен халыққа жасап жатырған жақсылықтарыңыз үшін алғысым шексіз! Өте білікті мамандар мен жоғары кәсіби деңгейдегі дәрігерлеріңіз мақтауға тұрарлықтай. Медицина ғылымдарының кандидаты, гинеколог - Гульбарам Есенбековна - өз ісінің майталман шебері! Адамға жылу сейілдіріп, өзіне сендіре біліп, барлық сұрақтарыма жауабын бере отырып, тамаша түсіндіріп, аман-есен емдеп шығарды. Осындай керемет үздік дәрігермен қоса, Баязитова Гульжан Сериковна және Алиева Оксана Сергеевна атты медбикелерге де алғыс білдіргім келеді. Әркез халімді сұрап, отаға дейін де, кейін де барлық жағдайымды жасады. Осындай жасап жатырған игі істеріңіз үшін рахмет! Әрқашан еңбектеріңіз адал әрі жемісті болып, дені сау пациенттеріңіз көп болсын.