логотип

Версия сайта для слабовидящих

Записаться

Батанова Роза Оспановна

Мен, Батанова Р. О. «зейнеткер» сіздермен өз ойыммен бөліскім келеді. Осы жылдың наурыз айында қатты ауырып, жедел жәрдем шақырттым. ПЦР тестті күтіп 3 күндей динамикада жатып қалдым. 3 күн бойы маған қабылдау бөлімшесіндегі медбикелер көмекке келіп тұрды. Мен осы зейнеттік жасыма келгенше, ең жеңіл жұмыс қабылдау бөлімшесінде деп ойлайтынмын. Қателесіппін, керісінше «көзге көрінбейтін ең ауыр жұмыс осыларда екен». Біз ойлаймыз ауру адам келді, дәрігер көрді, бөлімшеге апарды деп.
Жоқ олай емес екен. Күндіз түні ұйқы көрмей, әрбір ауырып келген адамның температурасын өлшеп, аяқ- қолы сынып, қысылып, жөтеліп келген, мына «короновирус кезінде» адамдардың көңілін табу оңай шаруа емес екенін өзіңіз де түсінесіз.
Соның бірі менмін. Мен динамикада жатқанда күндіз-түні демей сағат 3те, таңғы 5те ренжімей, күлімдеп, қан қысымыңызды, ыстығыңызды өлщеп, кислородыңызды қойып береді. Сондықтан мен ойлаймын қабылдау бөлімшесіндегі медбикелердің жұмыстары хирургия, терапия, тағы да басқа бөлімшелердің жұмыстарынан артық түспесе, кем түспейді. Мен осы келе жатқан мереке қарсаныңда мүмкіндікті пайдаланып, жедел жәрдем фельдшерлері мен қабылдау бөлімшесінде жұмыс істеп жүрген медбикелерге Көбентаева Аяулым Қайратжанқызына, Рыспек Аидаға Талғатқызына, Дюсекеева Айгерім Мейрамбековнаға «АЛҒЫС» жариялауыңызды сұраймын. Менің ойыма көпшілік қосылатынына сенімім зор.

Қарағанды облысы, Шет ауданы, Ақадыр кенті
11.05.2022


Партнеры больницы