Балыкбаев Айтуар Еркинбекович
Медициналық қызметкерлер күні қарсаңында Сіздерді осы медициналық орталықта қызмет жасап жүрген ақ халатты абзал жандар мерекесімен құттықтап, Сіздерге тек жақсылық тілеп, отбасыларыңызда амандық, дендіріңіз сау, үлкен табыс пен бақыт, мың алғысымды айтқым келіп отыр. Мен осы Медициналық орталықта көп жылдан бері терапевте, гастроэнтерологта, кардиологта, эндокринологта есепте тіркеуде тұрамын, қызметке байланысты іс сапарда болып қаламыз кей кезде тиісті емді
уақтылы қабылдауға мүмкімшілік болмай қалады, сол кезде біздің денсаулығымызды ойлап осы Орталықтың медиуиналық қызметкерлері телефон соғып бізді іздеп жатады, ем қабылдайтын уақытыңыз болды қайдасыз деп. Казірге кезде бұлай жақын туысында іздемейді, міне қандай қамқорлық,жанашырлық, ізетшілдік. Бұның бәрі күнделікті мыңдаған адамға қызмет көрсетіп жатқан Медициналық орталықтың қызметкерлері. Стационарға жатқызып жоспарлы ем тағайындайды, бұл жердеде медперсоналдар шын көңілмен қарап емдейді, соңғы рет өткен жылы күзде 2 кардиология бөлімшесінде ем қабылдадым кардиолог Әлкенова Маржан Өскенбайқызының қарамағында. Өзі жас болсада, білікті маман екені бірден көрінді, көптен бері мазалап жүрген қан қысымы орнына түсті бірнеше күнделікті ішіп жүрген дәрілерді препараттарды ауыстырып жазып берді, соның арқасында міне біраз уақыттан бері қан қысымы біркалыпты ұстаудамын. Көтеріліп жатса телефонмен хабарласып консультация алып жатамыз. Жалпы Орталықтың барлық қызметкерлеріне шын жүректектен ризамын, осылай қызметтеріңіздің жемісін көре беріңіздер! Жаңа Қазақстанымыздың Елге елеулі қызмет жасап адал еңбектеріңіз бағалана берсін! Мерекелеріңіз құтты болсын!