логотип

Версия сайта для слабовидящих

Записаться

Төреханов Ғалымжан Жарылқағанұлы

ҚР Парламенті Сенатының Денсаулық пунктінің дәрігері Бақытгүл Омарбекқызына ерекше алғысымды білдіргім келеді. Бақытгүл Омарбекқызы шын мәнінде адам жанының керемет шипагері. Ол, әрине, қолына скальпель не басқа ота құралдарын алып, күрделі ота жасап жатқан жоқ. Ондай қызмет оның функционалдық міндеттеріне сәйкес емес. Бірақ, не байланыс құралы не қабылдауына барып тілдесе бастағаннан-ақ жаныңа жылылық, тәніңе дәру ене бастайды. Бұл - нағыз дәрігерге керек қасиет деп санаймын. Қазіргідей, әлеуметтік ахуал шиеленісіп тұрғанда Бақытгүл сияқты ақ халатты жандар Гиппократ антына адалдықпен сырқатқа рухани демеу болып, маған да, менің әріптестеріме де тек қана шуақты күндер сыйлап келеді.
Сол үшін Бақытгүл Омарбекқызына шексіз алғысымды білдіремін. Рахмет! Сіз қандай құрметке де лайықсыз!


Партнеры больницы