логотип

Версия сайта для слабовидящих

Записаться

Айткен Мелс

Қазақстан Республикасы Президенті іс-басқармасы медициналық орталығы ауруханасы ұжымына!
Денсаулық - адам үшін баға жетпес байлық.
СҚО Ғабит Мүсрепов ауданы , Буденный ауылының тұрғыны бауырым Айткен Мелс бір жылдай уақыт Петропавлск,Көкшетау қалаларының ауыруханаларына бірнеше рет жүгініп дертіне нақты диагноз таба алмай ақпан айының екінші жартысында жоғарыдағы аты аталған аурухананың жоғары дәрежелі невротолог дәрігері Байтышханова Құралай Алиповнаның қабылдауында болып сол кісінің кеңесінің ,бағытының арқасында осы аурухананың заманауи аппараттарының барлығынан өтіп бауырымның нақты диогназы анықталды.
Гиппократ антын қабылдап, қай кезде болмасын әрдайым сенімділікті сақтайтын, асқан шеберліктің иесі
ҚР Президенті іс-басқармасы медициналық орталығы ауруханасының білікті мамандары Аймағамбетова Венера Қанатовна басқарған 3-терапия бөлімі ұжымына , қарқынды ем дом жасағаны үшін,
Садвакасов Аскербек Тұрынбекович басқарған Хирургия бөлімі ұжымына,
Және 3-терапия бөлімінің дәрігері Ләззат Өміртаевнаға 6-бөлімінің Хирург дәрігері Абубакир Зулпыкаровқа, анестезиолог дәрігерлерге,және барлық қызметкерлеріне ерекше жауапкершілігі үшін,біліктілігі үшін,мәдениетті қарым-қатынасы үшін алғысым шексіз.
Жоғарыдағы бөлім басшыларына өз мамандарының нағыз майталмандары екенін тілге тие кеткім келеді.
Бауырымның нақты диогназын қойып жауапкершілігі өте жоғары деңгейдегі ота жасалды.
Отасы сәтті аяқталып бауырым аман есен өз отбасына оралды. Алла қолдарыңызға дерт бермесін.
Алла сіздерді қолдап жүрсін.
Сіздерге мықты денсаулық,ұзақ ғұмыр жас, отбасыларыңызға амандық саулық, асқан байлық берсін.
Ұрпақ қызметіне бөленіп қоғамымызда жоғары белестерде көрініп , аман сау жүріңіздер.
Еңбектеріңіз еселене берсін!
Әулетіміздің атынан мың алғыс!
Құрметпен Айткен Гульнаш.

Партнеры больницы