логотип

Версия сайта для слабовидящих

Записаться

Алмагүл Ағаділова

Мен жақында Қазақстан Республикасы Президенті іс басқармасы ауруханасының жүрек-қантамырлық № 5 хирургиялық бөлімшесінде емделіп шықтым. Бөлімшенің іші айнадай таза, күніне 3 мезгіл тазартады екен, тамақтары мейрамханадағыдай десем, артық емес!
Емдеуші дәрігерім кардиохирург Денеев Ерлан Мұханбетқалиұлы, дәрігердің жоғары біліктілігін, барлық жағдайға ұқыпты және мұқият қарауын, өз ісінің нағыз маманы екенін атап өткім келеді. Дәрігерге алғысым шексіз! Мыңжылқы Бердіқожаев ағасындай бүкіл әлем білетін атақты дәрігер болатынына сенемін! Мақсатыңа жетуіңе тілектеспін!
Ұжым меңгерушісі Әлібек Арманұлына, мейіргер (медбрат) жігіттерге: Бауыржан, Жәнібек және Эльдар, аға мейірбике: Жангүл Қайратқызы, ем-шара бөліміндегілерге Ризагүл Тоқтарқызы және Елена Леонидқызы, мейірбикелерге: Замира Мұратқызы, Бибінұр Нұрбекқызы, Зарина Талғатқызы, Регина Жанәділдақызы және Жанар Айбекқызы, с.х. Айжан Женксенбайқызы, буфетшілерге: Альмира Ахмедиярқызы және Анаргүл Ұлықсатқызы, санитарларға: Нұргүл Қыдырәліқызы, Гүлдер Қарахайқызы, Бақытжан Қайриденқызы, Гүлжихан Берікқызы, Айнұр Баянбайқызы және Дана Қадырбекқызы.
Алланың нұры жаусын,қиналып ем іздеп келген науқастарға істеген қызметтеріңіз өздеріңе еселеп қайтсын! Отбастарыңызға амандық тілей отырып,олардың сіздерге түсіністікпен қарағанын қалар едім!

Партнеры больницы