Турымбетова Мейрамкуль Мамбеткуловна
Алматы облысы, Іле ауданы, Чапаево ауылындағы дәрігерлік амбулатория гинекологі Андирова Айнур Манасқызына айтар алғысым көп. Келінім Темирханова Айдананың алғашқы аяғы ауыр күнінен бастап, өз бақылауына алып, 40 апта бойы жүктіліктің жақсы өтіп, сәтті босануына дәрігерлік шеберлігімен өз үлесін қосты. Медицина тұрғысында көмек берумен қатар, моральді түрде демеу көрсетіп, сәбидің денсаулығы мықты болып туылуынада аса зор мән беретіндігін байқатты. Уақытпен санаспай, бар ынта-жігерін салып, әйелдер қауымының денсаулығын қорғауға және ҚР демографиялық өсуіне ықпалын тигізіп жүрген нағыз маманға үлкен алғысымызды айтамыз.