Пациенттерді қолдау және медициналық көмек сапасының ауруханаішілік аудиті қызметі

Пациенттерді қолдау және медициналық көмек сапасының ауруханаішілік аудиті қызметі

 

Пациенттерді қолдау және медициналық көмек сапасының ауруханаішілік аудиті қызметі (ПҚ және ААҚ) ауруханада медициналық көмектің сапасын басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын аурухананың дербес құрылымдық бөлімшесі.

ПҚ және ААҚ негізгі міндеттері:

1) медициналық көмектің сапасын басқару бойынша аурухананың қызметін үйлестіру;

2) пациенттің талаптары мен күтетін нәтижелерін қанағаттандыруға бағдарлануы;

3) көрсетілетін медициналық көмек сапасының жоғары болуына бағытталуы;

4) пациенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және медициналық қызметтер көрсетудегі кемшіліктерді төмендету;

5) кепілдендірілген көлемдегі тегін медициналық көмек көрсету тәртібін, пациент пен отбасының құқықтарын сақтау;

6) Қазақстан Республикасы заңнамасы, сондай-ақ, денсаулық сақтау саласындағы нормативтік-құқықтық актілердің талаптарын сақтау;

7) әрбір қызметкердің медициналық көмектің сапасын және пациенттердің қауіпсіздігін үздіксіз арттыру процесіне қатысуын ынталандыру;

8) медициналық қызмет көрсету сапасы және пациенттердің қауіпсіздігі саласындағы міндеттер мен проблемаларды шешуде жүйелі тәсілді ұстану.

 

Егер, сіз медициналық көмек көрсету тәртібі мен сапасына байланысты проблемаларға тап болсаңыз, пациенттерді қолдау және медициналық көмек сапасының ауруханаішілік аудитіне хабарласыңыз. Қызмет сарапшылары Сіздің өтінішіңізге жедел жауап береді және мәселені Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес шешуге көмектеседі.

Сіз, бірінші қабаттағы кіреберісте және тіркеу бөлімінде орналасқан «Шағымдар мен ұсыныстар» жәшігіне жазбаша өтінішіңізді қалдыра аласыз.

Біз Ауруханамызда көрсетілетін медициналық көмек сапасын жақсартуға көмектесетін өтініш, пікіріңізді қалдырғаныңыз үшін Сізге алғысымызды білдіреміз.

 

 

Біз F блок, 3-қабат, №53 кабинетте отырамыз, өтініштерді қабылдау телефоны 8(7172) 70 79 69

Аурухананың жұмысы туралы өзіңіздің шағымдарыңыз бен ұсыныстарыңызды осы электронды мекенжайға қалдыра аласыз:  kense@bmc.mcudp.kz.