Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

Ғылыми-клиникалық кеңес

«Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы Медициналық орталығының ауруханасы» ШЖҚ РМК Ғылыми-клиникалық кеңесі
Ғылыми-клиникалық кеңес (бұдан әрі - Кеңес) Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығы ауруханасының (бұдан әрі - Аурухана) жанындағы тұрақты қолданыстағы кеңесетін, консультациялық және сарапшы органы болып табылады.
Кеңес ғылыми-білім беру саясатын қалыптастыру және іске асыру, зерттеулер жасау, ғылыми кадрларды дайындауды жетілдіру, Аурухананың ғылыми-клиникалық қызметін үйлестіру, медициналық көмек және ғылыми-зерттеу мәселелері жұмыстарында бөлімше персоналының әлеуетін тиімді пайдаланудың өзекті мәселелері бойынша ұсыныстар жасау мақсатында; сонымен қатар Аурухана практикасында медициналық технологияларды, оның ішінде инновациялық, енгізу жэне қолданудың экономикалық мақсаттылығын, клиникалық тиімділікті, қауіпсіздікті бағалауды жүзеге асыру үшін құрылады және жұмыс істейді.
Ауруханалар кеңесінің құрамы Аурухана директорының бұйрығымен екі жыл мерзімге бекітіледі. Кеңес құрамына ғылыми дәрежесі (м.ғ.д., м.ғ.к., PhD) бар қызметкерлер кіреді. Жұмыстың төрағасы мен үйлестірушісі Аурухана директоры болып табылады; төрағаның орынбасары мен хатшыны директор Аурухана бөлімшелері қызметкерлерінің қатарынан тағайындайды. Кеңес шешімі ашық дауыс берумен - көп дауыспен (50%-дан астам) қабылданады, Кеңестің қорытындысы мен ұсыныстары ұсыным сипатынан тұрады.

Кеңестің негізгі міндеттері

  • Ұйымның ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық, инновациялық және клиникалық қызметінің мәселелерін қарау
  • Білім беру қызметінің мәселелерін, оны жетілдіру туралы ұсыныстарды, ұсынымдарды енгізу, білім беру бағдарламаларын талқылау және бекіту мәселелерін қарау
  • Аурухананың ғылыми-білім беру және клиникалық қызметінің стратегиялық және ағымдағы жоспарларын қарау
  • Денсаулык сақтауда, Қазақстандық және әлемдік ғылымда ғылыми бағытты дамыту перспективаларының жағдайын талдау
  • Ғылыми-медициналық зерттеулердің артықшылықтарын анықтау бойынша негізделген ұсынымдарды дайындау
  • Ғылыми және білім беру қызметінің негізгі басымдықтарын бекіту;оқу-әдістемелік құжаттаманы бекіту
  • Ғылыми жобаларды қарау және мақұлдау
  • Оқу-әдістемелік құжаттаманы бекіту
  • Ауруханада ғылыми және клиникалық кадрларды дайындау тиімділігін талдау, өткізілген ғылыми-зерттеу жұмыстары туралы жыл сайынғы есеп бойынша ұсыным қорытындыларын тыңдау жэне тапсыру
  • Емдік және білім беру процестерінде ғылым жетістіктерінің пайдаланылуын талдау, тиісті ұсынымдар дайындау
  • Ауруханада бар жабдық жағдайын талдау және оларды тиімді пайдалану, сонымен қатар ғылыми зерттеулер жүргізу үшін материалдық-техникалық базаны дамыту бойынша ұсынымдар даярлау
  • Аурухананың ғылыми қызметкерлерінің халықаралық ғылыми жэне ғылыми-техникалық ынтымақтастыққа қатысу тәжірибесін, сонымен қатар қазақстандық ұйымдармен ынтымақтастық тәжірибесін зерттеу және жинақтау; бірлескен ғылыми зерттеулерді дамытуға көмек көрсету
  • Интеллектуалдық меншік объектілерін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктер мен инновациялык патенттер, алынған патенттер, жүргізілетін ғылыми зерттеулер, ғылыми ұжымдар мен сарапшылар, өнертабыстарды тіркеуге берілген өтінімдер, пайдалы модельдер, авторлық құқық және аралас құқық объектілері мен өндірістік үлгілері туралы деректер базасын жасау
  • Қауіпсіз, клиникалық және экономикалық тұрғыдан тиімді медициналық технологияларды Аурухананың клиникалық практикасына оларды енгізу үшін, таңдау
  • Ықтимал экономикалық тиімсіздікке немесе жеткіліксіз клиникалык тиімділік пен қауіпсіздікке нұсқау болғанда, қазіргі сәттің өзінде Аурухана практикасында қолданылатын медициналық технологияларды пайдаланудың мақсаттылығы туралы мәселелерді қарау
Кеңестің негізгі функциялары
  • Аурухана бөлімшелерінің ғылыми-клиникалық қызметін қалыптастырудың актуальды мәселелері бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар дайындау
  • Ғылыми-зерттеу жұмыстары жоспарларын бекіту және іске асыру, олардың нәтижелерінің практика негізінде іске асырылуы, ғылыми кадрларды дайындау, ғылыми еңбектерді басып шығару бойынша ұсынымдар әзірлеу
  • Ғылыми қызметті басқаруды жетілдіру, сонымен қатар ғылыми қызметке ақшалай қаражатты тиімді пайдалану бойынша ұсынымдарды талқылау және беру
  • Құрылымдық бөлімшелердің ғылыми, білім беру және клиникалық қызметі туралы олардың басшыларының және жеке ғылыми қызметкерлердің есептерін тыңдау
  • Халықаралық ынтымақтастық және қазақстандық ұйымдармен ынтымақтастық мәселелерін, шетелдік және қазақстандық ұйымдармен бірлесіп өткізетін ғылыми зерттеулердің орындалу барысын талқылау, ғылыми іссапарлар бойынша қызметкерлер есептерін тыңдау
  • Ғылыми кадрлардың біліктіліктерін арттыру және дайындаумен байланысты мәселелерді талқылау; жүйелі түрде ғалымдардың, олардың ғылыми кадрларды дайындау жұмыстары туралы хабарламаларын тыңдау
  • Ғылыми еңбектерді, ғылыми жаңалықтар мен өнертабыстарды мемлекеттік награда мен сыйлықақыға ұсыну
  • Ғылымның дамуына үлкен үлес қосқан ұйымның ғылыми қызметкерлеріне құрметті атақ беруге кандидатуралар ұсыну
  • Ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін жариялау және насихаттауға қатысу, олардың коммерциялануына көмектесу
  • Атқарылған ғылыми бағдарламалар бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарына ғылыми-техникалық сараптама өткізу
  • Емдеу және білім беру процестерінде ғылыми жетістіктерді пайдалануға көмек беру
  • Аурухана құрылымдарын оңтайландыру және практикалық қызметті бүдан әрі жақсартуға байланысты Аурухана басшылығына ұсынымдар беру және талдау
  • Аурухананың ғылыми және клиникалық қүрылымдық бөлімшелерінің басшылык лауазымдарына тиісті кандидатураларды тағайындау туралы ұсыныстарды енгізу жэне зерттеп-білу
  • Отырыстарда этикалық, деонтологиялық нормалардың сақталуын қарау және осы мәселелер бойынша ұйымдастырушылық шешімдерді қабылдау туралы басшылыққа ұсыныстар енгізу
  • Ауруханада инновациялық технологияларды ұйымдастыру және жетілдіру, енгізу мәселелері бойынша Аурухананың клиникалық және ғылыми-білім беру қызметін үйлестіру
  • Аурухана тәжірибесінде пайдаланылатын баламалармен салыстырғанда енгізуге ұсынылатын медициналық технологияның қауіпсіздігі, клиникалық және экономикалық тиімділігі туралы құжаттарды қарау
  • Тиісті клиникалық практикаға жататын (¥лттық аккредиттеу стандарттарына, JCI т.б.) стандарттарға медициналық технологияның сәйкестігін бағалау
  • Ұсынылатын медициналық технологияны орындауға қажетті Аурухана бөлімшелерінің техникалық жарақталуын және орындаушылардың біліктілік сәйкестігін бағалау
  • Медициналық технологияларды енгізуді талдау


Аурухана серіктестері