Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

Превентивті медицина бөлімшесінің мейіргері

  17.01.2024

Еңбекақы: 247 000 бастап 264 000 тенгеге дейiн

Толық жұмыс күнi, жұмыста уақытша жоқ жұмыскерді алмастыру уақытына (10.01.2026 ж.), (26.08.2026 ж.).

1. Лауазымдық міндеттері:

Мейіргерлік зерттеп-қарауды жүзеге асырады.

Пациент үшін мейіргерлік араласулар жоспарын жасайды.

Техникалық және кәсіптік білім беру деңгейіндегі мейіргерлердің мейіргерлік іс-шараларды іске асыруын бақылайды.

Жалпы практикада, терапияда, хирургияда, акушерия мен гинекологияда, психиатрияда, гериатрияда, оңалтуда, паллиативтік күтімде және денсаулық сақтау саласының мамандандырылған салаларында медициналық-санитариялық алғашқы және стационарлық деңгейлерде белгіленген мейіргерлік араласулар жоспарының тиімділігін бағалайды.

Өз құзыреті шегінде аса кең таралған инфекциялық емес аурулары және жіті респираторлық вирустық инфекциялары бар пациенттерді жеке қабылдауды жүзеге асырады.

Денсаулықты нығайту және аурулардың профилактикалық жөніндегі қызметті ұйымдастырады, техникалық және кәсіптік білім беру деңгейіндегі мейіргерлердің профилактикалық іс-шараларын іске асыруын бақылайды, іс-шаралардың тиімділігі мен нәтижелілігін бағалайды.

Емдік-профилактикалық мекемеде дәрілік заттарды, қан препараттарын және қан алмастырғыштарды есепке алуды және сақтауды, есепке алу-есептік мейіргерлік құжаттаманы жүргізуді қамтамасыз етеді

Азаматтарға медициналық алғашқы көмек, оның ішінде төтенше жағдайларда дәрігерге дейінгі және паллиативтік медициналық көмек көрсетеді.

Қауіпсіз аурухана ортасының ұйымдастырылуын және инфекциялық бақылауды қамтамасыз етеді.

Медициналық этиканы, өртке қарсы қауіпсіздіктің ішкі еңбек тәртібінің, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі қағидаларды, санитариялық-эпидемиологиялық режимді сақтайды.

Мейіргерлердің, дәрігерлердің және басқа да денсаулық сақтау жүмыскерлерінің кәсіби аралық жұмысын ұйымдастыруға қатысады.

Зертханалық зерттеулер үшін материалдар алуды, бөлімшеде дәрілік заттардың жұмсалуын бақылауды жүзеге асырады, дәрілік заттарды есепке алуды, сақтауды, пайдалануды қамтамасыз етеді

Мейіргерлердің дәрігерлік тағайындауларды тиісінше орындауын ұйымдастырады.

Дәлелді мейіргерлік нұсқаулықтар мен хаттамаларды әзірлеуге қатысады.

Мейіргер ісінің сапасын жақсарту бойынша ұйымдастыру саясаты мен қызметін әзірлеуге қатысады.

Электрондық денсаулық жағдайында мейіргерлік құжаттаманың ұйымдастырылуын бақылайды.

Есепке алу-есептік медициналық құжаттаманы жүргізеді.

2. Білуі тиіс:

"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі, "Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңы; "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Қазақстан Республикасының Заңы, "Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 55 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26867 болып тіркелген);

Қазақстан Республикасы Конституциясының, азаматтық және еңбек заңнамасының негіздері;

мейіргерлік қызметті ұйымдастыру мәселелері;

төтенше жағдайлар кезіндегі қызметті ұйымдастыру;

еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі жөніндегі тәртіп және нормалар.

3. Біліктілікке қойылатын талаптар: "Мейіргер ісі" (қолданбалы бакалавриат) мамандығы бойынша ортадан кейінгі білімі, жұмыс өтіліне талап қойылмайды, кеңейтілген практика "Мейіргері (аға)" сертификатының болуы.

4. Жеке қасиеті: жауапкершілік, күйзеліске тұрақтылық, командада жұмыс істей білу, жазбаша қарым-қатынас жасау дағдылары, көп мәселелік.

Мекенжай: Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы 80

Байланыстағы адам: Шомакова Жанат Темиркуловна

Телефон: +7 (717) 270 78 80 (ішкі: 72-53)

Электронды адрес: Shomakova@bmc.mcudp.kz


Аурухана серіктестері