Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

Артериалды қысым және электрокардиограмманың тәулікті зерттеулері кезіндегі пациенттің дайындығы мен жүріс-тұрысы


Артериалды қысымның тәулікті мониторлауы (АҚТМ)

Пациенттің әдеттегі жұмыс және демалу жағдайларында қан қысымының күнделікті динамикасын тіркеуге және бағалауға мүмкіндік беретін зерттеу әдістемесі.

Осы әдістеме арқылы тәулікті артериялды қысымды ескере отырып, жеке антигипертензивтік терапияны таңдауға болады.

Құрылғы иыққа киілген манжетті үрлеп және содан кейін ауаны бірте-бірте босатады, дәрігер өлшегендей, сіздің қан қысымыңызды өлшейді,. Өлшеулер белгілі бір уақыт аралығынан кейін автоматты түрде жүргізіледі. Күндіз әр 30 минут, түнде - 60 минут сайын.

Суточное мониторирование ЭКГ по Холтеру



Холтер бойынша ЭКГ тәулікті мониторлауы

Суточное мониторирование артериального давления (СМАД)

Жүрек ырғағының әрбір бұзылуларын, миокард ишемиясының эпизодтарын жаттығу кезінде және тынығу кезінде, емдеудің тиімділігін бағалауға мүмкіндік береді. Әдіс мүлдем зиянсыз, қарсы көрсетімдерсіз, арнайы дайындықты қажет етпейді. Егер сізді жүрек соғысы, жүрек жұмысындағы үзілістер, сананың жоғалуы эпизодтары, жүректегі қайталама ауырсынулар алаңдатса – осы техниканы жүргізу керек.


Көптеген адамдарды жүрек аурулар, жүрек жұмысындағы үзілістер, қан қысымы жоғары болуы алаңдатады. Көбінесе бұл шағымдар серуендеу кезінде, кешке немесе ұйқы кезінде болады. Дәрігер-кардиолог электрокардиограмма жасайды, бірақ жиі кардиограмма қандай да бір елеулі өзгерістерді көрсетпейді. Неге бұлай болады?

Дәрігерлік кабинетте қабылданған электрокардиограмма сіздің жүрек жұмысын тек демалыс кезінде бағалауға мүмкіндік береді және жазу уақыты 5-10 секунд өтеді, сондықтан ЭКГ жүрек жұмысындағы маңызды және қауіпті ақауларды көрсете алмауы мүмкін.

Мұндай жағдайларда жүрек-тамыр ауруларына диагностика жасаудың заманауи әдісі – Холтерлік мониторлау - пациенттің және дәрігердің көмегіне келеді. Үздіксіз ЭКГ тіркеуі (Холтерлік мониторлау) 24 сағат бойы жүректің жұмысын толық көлемде бағалауға мүмкіндік береді.

Бұл әдістеме пациент үшін өте ақпаратты және толықтай қауіпсіз.

Зерттеудің нәтижелері дәрігерге толық ақпарат беру үшін, СІЗДІҢ БЕЛСЕНДІ АТ САЛЫСУЫҢЫЗ қажет.

Күні бойы ПАЦИЕНТ КҮНДЕЛІГІН толтырыңыз: КҮНДЕЛІКТЕ БАРЛЫҚ БЕЛСЕНДІЛІК СӘТТЕР МЕН ДӘРІЛЕРДІ ҚАБЫЛДАУ УАҚЫТЫ ЖӘНЕ ФИЗИКАЛЫҚ ЖҮКТЕМЕЛЕРДІҢ БЕЛГІЛЕУІСІЗ МОНИТОРЛАУ ДЕРЕКТЕРІНІҢ ТОЛЫҚТАЙ ТАЛДАУЫ МҮМКІН ЕМЕС.

Күнделікті толтырудан басқа, жақсы нәтижелерге қол жеткізу үшін мониторлау кезінде пациенттің дұрыс әрекеттері маңызды, ол үшін төмендегі қағидаларды сақтану қажет.

• Қан қысымын өлшеу барысында пневмоманжеттегі қолыңыз дене бойымен

орналасуы және босаңсуы қажет (жаяу жүргенде тоқтаңыз және қолыңызды түсіріңіз).

• Интенсивті физикалық жүктемелер, жаттығулар мен тексерулерді болдырмау (УЗИ, рентгендік, МРТ, физиоемдеу, өйткені жабдықтан шығатын электромагниттік өріс құрылғының қалыпты жұмысына кедергі келтіруі мүмкін.

• Көлік жүргізуге болмайды.

• Шаңсорғыш, фен, микротолқынды пеш, электр ұстара секілді тұрмыстық техникалармен пайдаланбаған жөн;

• Портативті телефон және басқа радио таратқыш құрылғылардың тіркеушіге жақын орналаспағаны жөн (құрылғы ақаулықтарын тудырады).

• Металл детектор және магниттік турникеттерден өтуге болмайды.

• Құрылғыға сұйықтықтың түсуіне жол бермеңіз (су процедуралары мен физиоемшараларын өтпеңіз).

• Мониторлау кезінде пациент өзінің іс-әрекеттері мен денсаулығының жай-күйін толық күнделігін сақтайды (соның ішінде түнде, оянғаннан кейін таңертең көрсету мүмкін).

• Демалыс және ұйқы режимін сақтау.

• Аспаптың көрсеткіштеріне қарамаған жөн, себебі бұл қорқынышты реакцияны тудырады, бұл нәтижелерді асыра әкелуі мүмкін.


Аурухана серіктестері