Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

«Су: адам денсаулығының қайнар көзі»

  11.12.2023
«Су: адам денсаулығының қайнар көзі»

Адам ағзасы шамамен 60-65% судан тұрады. Судың өзіндік қоректік қасиеті жоқ, дегенмен, ол – ең маңызды «денсаулық көзі».

Су организмнің өмірлік маңызды процестерін қолдауға, қоректік заттарды жасушаларға жеткізуге және қалдықтарды шығаруға көмектеседі. Судың арқасында дене температурасы реттеледі.

Суды дұрыс ішу режимі тұтынылатын және организмнен шығатын су мөлшері арасындағы тепе-теңдікті сақтауға мүмкіндік береді. Адам күніне орта есеппен 2-3 литр су жоғалтады, шамамен 0,5 л су организмнен тыныс арқылы шығады, сонымен қатар су тері, қуық және тік ішек арқылы шығады.

Осылайша, сау ересек адамға орташа есеппен тәулігіне 2200-ден 3100 миллилитрге дейін су қажет, оның бір бөлігі тұтынылатын тағамда бар. Организмде су небәрі 1-2%-ға төмендесе адам шөлдеп, аузы құрғайды.

Вирустық аурулар кезінде, спортпен шұғылдану кезінде, ыстық климатта, баланы емшек сүтімен тамақтандырғанда және зиян әдетіңіз болса (мысалы, күніне 1 қорап темекі шегу суға деген қажеттілікті 40% арттырады) суды көбірек ішкен жөн.

Организмде су жетіспеушілігінің салдарынан:

  • су-тұз теңгерімі бұзылады (бүйрек пен қуықта тас пайда болады, сонымен қатар буындардың жағдайына теріс әсер етеді, артрит пен артроздың даму қаупін арттырады);
  • негізгі организм сұйықтықтарының, ең алдымен қанның тұтқырлығы артады, инсульт, инфаркт, тромбоз, варикоз және геморрой қаупін артады;
  • ас қорыту процестері бұзылады (ас қорыту ферменттерінің бөлінуі баяулайды, перистальтика бұзылады, тамақ ішекте ұзақ уақыт қалады, бұл тамақтың ішекте ашуына, қабыну процестеріне және созылмалы іш қатуға әкеледі);
  • тері (терінің серпімділігі тез жоғалады, тері жұқарып, шаршаңқы сары-сұр түске ие болады және әжім тез түседі) және оның қосалқыларында проблемалар пайда болады(шаш пен тырнақ әлсіз әрі сынғыш болады);
  • зәр шығару жүйесінің және ағзаның «өзін-өзі тазарту» процестері бұзылады;

Су көздері:

  • әртүрлі сусындардан алатын ауыз су;
  • тамақ өнімдерінің құрамындағы су;
  • көмірсулардың, майлардың және нәруыздың тотығуы нәтижесінде, алынатын метаболизмдік су.

Судың сапасы мен ауызсу режимі өзара тығыз байланысты. Осылайша, қатты жұмсартылған суды көп мөлшерде ішу (құрамында микроэлементтер жеткіліксіз) электролит-тұз теңгерімсіздігін тудыруы мүмкін, оның белгілері: бас ауруы, жүрек айну және бас айналу.

Құрамында тым көп минералдар (минералды сулар) немесе көмірсулар (қантты сусындар) бар сусындар да ауызсу режимі өзгертеді. Ондай сусындар шөлді қандырмайды және электролиттер балансын одан әрі өзгертеді.

Әдетте, оңтайлы ауызсу режимі үшін су қайнатылмаған және зиянды қоспалардан тазартылған болуы керек.

Ауызсу режимін қалай жақсартуға болады?

  • Таза ауыз су кез келген жағдайда қолжетімді болуы керек: жұмыста, көлікте, демалыста бөтелкеде су алып жүру маңызды.
  • Телефоныңызға арнайы қосымша жүктеп алуға болады – әр сағат сайын дыбыстық сигнал су ішу уақыты келгенін еске салады.
  • Судың барлық көлемін бірден ішуге тырыспау керек, судың мөлшерін қажетті физиологиялық нормаға дейін біртіндеп арттырыңыз.

Ауызсу режимін жасаңыз:

  • күніңізді таңертең аш қарынға екі стакан таза жылы су ішуден бастаңыз
  • тамақтан жарты сағат бұрын / тамақтан бір сағаттан кейін бір стақан су ішіңіз
  • жай ғана су ішу қиын болса, лимон, жалбыз, бал қосуға болады.
  • белгілі бір уақыт аралығында аз-аздан ішіңіз, бұл жағдайда су баяу сіңіп, организмді қанықтырады.

Ауызсу режимін сақтаңыз - өзіңізді күтіңіз!


Аурухана серіктестері