Нашар көретіндерге арналған нұсқа

+7(7172) 70-80-90
+7 702 006 56 56

4 Наурыз - Дүниежүзілік семіздікпен күрес күні!

  04.03.2024
4 Наурыз - Дүниежүзілік семіздікпен күрес күні!

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) анықтамасы бойынша артық салмақ пен семіздік - денсаулыққа зиян келтіруі мүмкін қалыптан тыс немесе шамадан тыс май шөгінділерінің пайда болуының нәтижесі.

Артық салмақ жинауға не ықпал етеді?

Негізгі себеп - энергетикалық теңгерімсіздік, онда диетаның калория мөлшері дененің энергетикалық қажеттіліктерінен асып түседі.

Энергия теңгерімсіздігінің себептері:

  • Тамақтану рационындағы өзгерістер, атап айтқанда-энергия тығыздығы жоғары және майы жоғары тағамдарды тұтынудың артуы;
  • Дене белсенділігінің өзгеруі - физикалық белсенділіктің төмендеуі, адамдардың көбі отырықшы өмір салтын ұстанады (отырықшы әрекеттер, қозғалыс тәсілдерінің өзгеруі және урбанизацияның жоғарылауы).

Артық салмақ пен семіздіктің денсаулыққа салдары:

Артық салмақ / семіздік - инфекциялық емес аурулардың негізгі қауіп факторларының бірі:

  • Қан айналымы жүйесінің аурулары (жүрек ауруы, инсульт және т.б.);
  • Қантты диабет;
  • Тірек-қимыл жүйесінің бұзылуы (буындардың дегенеративті ауруы);
  • Кейбір онкологиялық аурулар (соның ішінде эндометрия, сүт безі, анабез, қуықбез, бауыр, өттүтік, бүйрек және жуанішек қатерлі ісігі). 

Дене салмағының индексі неғұрлым жоғары болса, осы жұқпалы емес аурулардың қаупі соғұрлым жоғары болады!

Дене салмағының индексі (ДСИ) – дене салмағының килограммен метрдегі бойдың квадратына қатынасы ретінде есептелетін көрсеткіш (кг/м2).

ДСИ 25-тен жоғары немесе оған тең — артық салмақ;

ДСИ 30-дан жоғары немесе оған тең — семіздік.

Артық салмақ/ семіздік және онымен байланысты жұқпалы емес аурулардың 3/2 бөлігін қалыпты өмір салтын сақтап алдын алуға болады!

Жеке (өзі) артық салмақпен күресуге болады:

1. Қалыпты мөлшермен дұрыс тамақтану.

2. Жоғары калориялы және өнеркәсіптік жағдайда қайта өңделген тағамдарды тұтынуды шектеу.

3. Тұрақты жаттығулар жасау (аптасына 150 минут).

3. Белсенді өмір салтын ұстану және гиподинамиядан аулақ болу.

5. Күнделікті журналдар немесе физикалық белсенділік пен тамақтануды бақылауға арналған заманауи мобильді қосымшалар арқылы прогресті бақылау және мотивация беру.

Қоғам деңгейінде семіздікпен күресу бірнеше негізгі шараларды қамтиды:

  1. Білім беру мен бұқаралық іс-шаралар арқылы дұрыс тамақтану және тұрақты физикалық белсенділік туралы хабардарлықты арттыру.
  2. Саламатты қоғамдық ортаны құру және қолдау.
  3. Жоғары калориялы тағамдар мен қантты сусындар сияқты зиянды тағамдарды тұтынуды азайтуға бағытталған салық шараларын енгізу.
  4. Тамақ өнеркәсібінде өңделген тағамдардағы май, қант және тұзды төмендету;
  5. Зиянды өнімдердің жарнамасын реттеу (әсіресе балалар мен жасөспірімдерге қатысты).
  6. Қолжетімді бағамен пайдалы өнімдерге қол жеткізуді қолдау.
  7. Білім беру мекемелері мен жұмыс орындарында дене белсенділігін жақсарту саясатын енгізу.
  8. Салмақты басқару және мінез-құлықты қолдау бағдарламаларын қоса алғанда, семіз адамдарға медициналық көмек пен қолдаудың қолжетімділігін қамтамасыз ету.


Аурухана серіктестері